Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4834 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 09:42

ҚАНТТАҒЫ ӘУЕ БАЗАСЫ РЕСЕЙДІҢ ӘСКЕРИ НЫСАНДАРЫН БІРІКТІРЕДІ

Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметіне Орталық әскери округ (ОӘО) әскерінің қолбасшысы генерал-полковник Владимир Зарудницкий мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл Қырғызстандағы барлық ресейлік әскери нысан Қант әуе базасында шоғырланатын біріккен құрылымға бағынатын болады.

Қант әуе базасы –Шу облысындағы Ресей жалға алған әскери аэродром. Шу өзенінің аңғарында, Бішкектің шығысындағы 20 шақырым жерде, Қант қаласынан екі шақырым қашықта орналасқан. Аэродромда ӘӘК мен ӘҚК 2-ші қолбасшылығына қарайтын 999-шы (20022 әскери бөлімі) әуе базасы орналасқан. 

Ресми дерек бойынша, Қырғызстан аумағында Ресей бес әскери базаны жалдап отыр: Қант қаласындағы әуе базасы, Қарақол қаласындағы кемеге қарсы торпедалық қарудың сынақ базасы, Қара-Балта қаласындағы  ӘТФ байланысының «Марево» 338-ші торабы («Прометей» станциясы), сонымен бірге Сейсмикалық қызметтің Брінші автоматты сейсмикалық станциясы мен 17-ші радиосейсмикалық зертханасы бар. Соңғылары Ыстықкөл облысының Ичке Суу және Жалал Абад облысының Майлуу Суу кенттерінде орналасқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1957
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4792
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3958