Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 7995 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 12:58

«КӨЛЕҢКЕМЕН КҮРЕС» ҚАРҚЫН АЛДЫ

Бүгінгі күні еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына байланысты  көптеген тауарлардың кедендік баж ставкалары төмендетілді. Соның нәтижесінде орта есептегі кедендік тариф 10,4-тен 6,5 пайызға төмендеді. Бұған қоса, үстіміздегі жылдың 1 мамырынан  бастап, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы бойынша төмендетілген ставкадағы кедендік баж салығы тағы да кезең-кезеңімен енгізіле бастайды.

Бұл әрине, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілерге жасалып отырған үлкен жеңілдік екені сөзсіз. Алайда, төмендетілген ставкамен әкелінген тауарлар шартты түрде шығарылған болып есептеледі де,  Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің аумағына апаруға тыйым салынады. Сондықтан да осы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінде арнайы үйлестіру тобы құрылып, өз жұмысын бастап кетті.

Суреттерде: Үйлестіру тобының мүшелері қоймалар мен жүк көліктеріндегі тауарлардың заңдылығын тексеруде. 

Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың 28 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша, 41 салық төлеушінің Дүниежүзілік сауда ұйымының төмендетілген баж ставкасымен әкелінген тауарларының жалпы құны 3,5 миллиард теңгені, жалпы салмағы 1,4 миллион килограмды құрады. Солардың ішінде 11 салық төлеушінің қызметіне хронометраждық тексеру басталып кетті. Осы орайда, төмендетілген ставкамен тауар әкелетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілерге қойылатын басты талаптың бірі – электрондық есеп-фактурасымен жұмыс істеу болып табылады. Бұл талап Еуразиялық Экономикалық Одақтың «Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысуын жүзеге асыру туралы» Хаттамасымен заңдастырылған. Сауда-саттықтың электрондық есеп-фактурасы түріне көшу қағазбастылықты азайтып қана қоймайды, салықтық әкімшілдендіру жұмыстарын жақсартып, көлеңкелі экономика мен жалған кәсіпкерлікпен айналысуға жол бермейді. Яғни, бюджетке түсетін салық пен басқа да төлемдерді бақылау шараларын жеңілдетеді.

28 қаңтар күні үйлестіру тобының мүшелері кезекті рейд барысында «Мерседес» маркалы жүк көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік иесі ҚХР-да шығарылған тауарлардың Қазақстанға әкелу заңдылығын дәлелдейтін құжаттар көрсете алмады. Бұл факті бойынша экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері тарапынан қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу шаралары басталып кетті.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз қызметі

Abai.kz

 

Суреттерде: Үйлестіру тобының мүшелері қоймалар мен жүк көліктеріндегі тауарлардың заңдылығын тексеруде. 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036