Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 7126 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 12:25

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» СЕРИАЛЫН ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТ «ТАҚТАР ОЙЫНЫНА» ТЕҢЕДІ

«Қазақ хандығы» сериалына өзге елдерден қызығушылық білдіріп жатыр.

Америкалық журналист Джоанна Лиллис Eurasianet.org сайтында жариялаған материалында қазақ сериалын әйгілі «Тақтар ойынына» теңеген. Автор жазбасында «Қазақ хандығы» әлемдегі ең танымал тележобалардың бірі — «Тақтар ойынына» бәсеке бола алатынын жазған, сондай-ақ автор қазақстандық сериалдың сюжеті ғана емес, визуалдық эстетикасының да тартымды екенін атап өткен. Бұл туралы Today.kz жазды.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Қазақ хандығы» сериалына Қытай телеарналары қызығушылық танытып отыр. Әзірге нақты ештеңе айтылмайды, бірақ Қытай телеарналарының біріне сату туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. Жалпы бұл телефильмге басқа елдерден де қызығушылық бар екен, сол себепті сериал қазақша түсірілсе де, кейін орыс, түрік және ағылшын тілдеріне дубляждалатын болады.

Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы» сериалының түсірілімі 2015 жылы күзде басталды. Картина режиссері — Рүстем Әбдiрашев, басты рөлдерге еліміздің көптеген танымал актерлері қатысып жатыр. Премьерасы 2016 жылдың наурыз айына жоспарланған. Девальвацияға байланысты фильм түсірілімі біраз қиындыққа ұшырап, актерлер гонорарын ала алмай жүргендігі жайлы жазған болатынбыз. Қаржы тапшылығына байланысты, халықтан көмек сұрап, краудфандинг жүйесімен ақша жиналатыны да хабарланды. Qazaqeli550.kz сайтындағы ақпаратқа сенсек, қазір 100 миллион теңгеден астам жылу жиналған.

Дереккөзі: baistars.kz

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052