Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5505 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:01

ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗЫН ПРЕЗИДЕНТ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕТТІ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 27 қаңтарда үлкен қызы Озода Эмомалиді президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік редакциясы.

Озода Эмомали бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Президент әкімшілігін бұған дейін басқарған Худоерзода Бахтиер Таварды Тәжікстан парламенті сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссия төрағасы қызметіне ұсынған.

Озода Эмомали 1978 жылы 3 қаңтарда туған. Осыған дейін сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бес баласы бар.

Тәжікстанда бүгін сонымен бірге бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды. Премьер-министрдің орынбасары, президенттің бірнеше көмекшісі ауысты. Тәжікстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы, Сауд Арабиясындағы елшілері де ауысты.

Қаңтардың басында Тәжікстан парламенті ел конституциясына Эмомали Рахмонға шексіз мәрте президенттіке сайлану мүмкіндігін беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдаған. Мұның алдында Эмомали Рахмонға "ұлт көшбасшысы" атағын беретін заң қабылданған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1062
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2610
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704