Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3711 0 пікір 21 Қаңтар, 2016 сағат 12:16

ҚЫРҒЫЗДАР РЕСЕЙГЕ 37 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕЙДІ

Қырғызстан Қамбарата ГЭС-і мен Жоғары Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салуға қатысты үкіметаралық келісімді біржақты бұзғаны үшін Ресейге 37 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс.

Осылай деп парламент отырысында экономика министрінің орынбасары Нұрлан Садықов мәлімдеді.

Оның сөзінше, аталған міндет келіссөзде көрсетілген.

Садықов сонымен бірге 2013 жылдан бері Жоғарғы нарын сарқырамасының құрылысына 37 миллион доллар жұмсалғанын, бұл ақша Ресейге қайтарылуы керектігін айтты.

Қырғызстан парламенті сәрсенбі күні Ресеймен жасалған елде екі су электр станциясын (ГЭС) салу туралы келісімді тоқтатты. Құжат президентке қол қойылуға жіберілді.

Еске сала кетейік Ресей мен Қырғызстан арасындағы ГЭС салу туралы келісімге 2012 жылдың 20 қыркүйегінде Бішкекте қол қойылған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415