Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3375 0 пікір 21 Қаңтар, 2016 сағат 12:01

НАРАЗЫЛАР МОЛДОВА ПАРЛАМЕНТІНЕ КІРІП КЕТТІ

Молдовада наразылық білдірушілер Павел Филипті жаңа үкіметбасы етіп тағайындаған соң, парламентке басып кірді.

101 орынды парламенттің 57 депутаты үкімет басшылығына 49 жастағы Демократиялық партияның мүшесі Филипке дауыс берген. 2011 жылдан бері ол телекоммуникация министрі болып келген.

Молдовада саяси дағдарыс өткен жылдың қазан айынан бері жалғасып келеді. Осыған дейінгі үкімет коррупциялық жанжалдан соң отставкаға кеткен болатын. 

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар — ресейшлік оппозициялық топтар, бірақ олардың ішінде бірқатар еуропашыл топтар да бар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2674
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4374