Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 16503 2 пікір 21 Қаңтар, 2016 сағат 10:07

ҚАЗАҚТА АДАМ ЖАСЫН ҚАЛАЙ САНАҒАН?

Сіздер осы уақытқа дейін адам жасын қалай санау керегін білдіңіздер ме? Аттан жығылса да, салттан жығылмаған халқымыз оны төмендегідей пайымдайды. Назар аударыңыздар.

Қозы жасы

Ұл бала 10 жасқа толған соң, оған қозы бақтырған. Сондықтан осы жасты "қозы жасы" деп атаған. Бұл — еңбекке баулудың алғашқы басқышы. Бала еңбектің қиындығын көріп, дәмін татқан.

Қой жасы

Бала 13 жастан асқан соң қозы емес, қой бағуға ауысқан. Сондықтан 13-20 жастың арасын "қой жасы" деп есептеген. Қыстың суығына, жаздың ыстығына шыдап, бір қора қойды бағу оңай болмаған. Ит-құсқа жегізбей, ұры-қарыдан сақтап, жоғалтпай бағу төзімділік пен шыдамдылықты қажет еткен.

Жылқы жасы

Қой бағуға төселіп, сыннан сүрінбей өткендер "жылқы жасына" ауысқан. Қызығы мен қиындығы көп жылқы малын бағуды 25-40 жас аралығындағы жігіттерге тапсырған. Сондықтан жиырма бесті "жылқы жасы" деп білген.

Патша жасы

40 жас "патша жасы" деп есептелінген, себебі бұл жастағы адамдардың кейбірі атқа мініп, ел басқарған. Өзінің ақылымен, батырлық-батылдығымен, өнерлі шешендігімен көпке танымал болып, даңқы шыққан. 

Дереккөзі:  massaget.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052