Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3130 0 пікір 20 Қаңтар, 2016 сағат 09:31

ҚЫРҒЫЗСТАНДА СИРИЯҒА БАРУҒА ҮГІТТЕУ ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕГЕН

Бір жыл ішінде Бішкек қаласында азаматтарды Сириядағы соғысқа шақырған 22 оқиға тіркелген.

Бұл туралы астаналық ҚІІД бастығы Кашкар Джунушалиев мәлімдеді.Оның сөзінше, бір жылда тыйым салынған «Хизб-ут Тахрир» экстремистік ұйымының идеяларын таратуға қатысты 50 оқиға тіркелген, Оның 11-і бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Радикалды топтардың 90-нан астам мүшесі есепке алынған, 6 экстремистік ұйым анықталған.

Соңғы мәлімет бойынша, Сириядағы әскери қақтығыстарға 500-ден астам қырғызстандық қатысып жүр. Олардың дені Жалал-Абад және Ош облыстарының тұрғыны. Күні бүгінге дейін Сирия жерінде шамамен 30 шақты қырғыз азаматы қаза тапқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456