Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3480 0 пікір 20 Қаңтар, 2016 сағат 09:29

ЕЛІМІЗДЕ БІР АЗАМАТ ШОШҚА ТҰМАУЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Қаңтардың 19-да Қазақстан билігі елде тұңғыш рет шошқа тұмауына шалдыққан адамның көз жұмғаны туралы хабарлады.

Бұл аурудан адамдардың қайтыс болғаны жайлы хабар ТМД-ның бірқатар елінде тарады.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 5 бірдей науқастың осы дертттен өлгені тіркелді. Қаланың ауруханаларында H1N1 вирусын жұқтырды деген күдікпен 310 адам жатыр. Роспотребнадзор төрайымы  Анна Попованың сөзінше, Ресейдің 17 өңірінде ондаған адам ауруханаға жеткізілген.

Украина денсаулық сақтау министрлігі 51 адамның осындай аурудан көз жұмғанын растады. Арменияда шошқа тұмауынан 16 адам өлген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446