К-700 ҺӘМ 7 КӨЛІК
Кезінде орыстың К-700 маркалы тракторы шыққан кезде жапондар оны жаппай сатып алған екен.
КСРО басшылары жерден жеті қоян тапқандай қуанып, сүйінші сұрап, "Біздің К-700 әлемге танылуда, Жапонияға экспортталып жатыр" деп мәлімдемелер жасаған. Сөйтсе оны жапондар міну үшін емес, металы үшін сатып алған екен. Яғни, арзанға сатып алып, бір К-700-тан 7 жеңіл автокөлік шығарып отырған.
Қазір ақпараттық сайттарды ақтарып отырсаң "қазақстандық шұлықтар, аяқ киімдер, тамақ, тағысын-тағы шетелге экспортталып жатыр" деген сүйінші жаңалықтарды көп оқитын болдық. Іштей ойлап қоямын, шетелдіктер Қазақстанда тігілген киімдерді расымен де киеді ме екен, әлде басқа мақсатта қолданады ма деп.
Серғали Балажан
Facebook-тегі парақшасынан