Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3673 0 пікір 19 Қаңтар, 2016 сағат 14:27

ПАРИЖ ТЕРАКТІСІНЕ ҚАТЫСЫ БАР БЕЛГИЯЛЫҚ ҰСТАЛДЫ

Марокко билігі Парижде қараша айында болған терактіге тікелей қатысы бар тегі мароккалық Бельгия азаматының ұсталғанын хабарлады.

Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде ол 15 қаңтарда Касабланкіде тұтқындалғаны айтылады. Ол Сирияға барып, өзі қатарына кірген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобында болғандығы да хабарланған.

13 қарашада Парижде болған терактіден 130 адам қаза тауып, 350-і жараланған. Жеті террорист өлтірілген. Полиция әлі күнге дейін олардың сыбайластарын іздеп жатыр. Шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» тобы алды. Париждегі қантөгістен кейін, франсуз жойқын ұшағы Сириядағы ИМ аймағына әуе шабуылдарын бастады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1138
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2667
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 784
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 754