Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5287 0 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 13:58

ҚАЗАҚФИЛЬМДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Кешелі бері Қазақфильм АҚ-ның ауласынан алып-қашты сөз шығып жатыр. Бастапқыда көп қауесеттің бірі шығар дегенімізше болған жоқ, режисcер Жанна Иманбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Қазақфильмде болып жатқан тосын жайттың бетін ашып тастады. Жанна ханымның жазуы бойынша, Қазақфильмнің киностудиосына атқарушы директор болып ресейлік Бажин деген біреу келіп жатқан көрінеді. Мәселенің мән-жайын нақтылай түсу үшін Vlast.kz сайтының тілшісі Қазақфильм АҚ-ның президенті Бақыт Қайырбеков мырзаға (суретте) хабарласады. Тап қазіргі уақытта шетелдердің бірінде ем қабылдап жатқан Бақыт Ғафуұлы қоңырау соққан тілшіге таң қала отырып, мән-жайды баян етеді.

-          Бұл мен үшін күтпеген жаңалық, - дей келіп Қазақфильмнің президенті Қайырбеков атқарушы директор болғалы тұрған Бажиннің қызметі туралы өзімен ешкімнің ақылдасып-кеңеспегенін, ескертіп айтпағанын білдіреді. Тек Мәдениет және спрот вице-министрі ғана емеурін білдіріп: «Бажинді Қазақфильмге әкелсек, ол біздегі киноөндірістің дамуына септігін тигізер еді», - дегенді аңғартса керек. Алайда Бажиннің қазақ киноөндірісіне қолғабыс тигізе қоярына Бақыт Қайырбеков күмәнді сияқты.

-         Ол өзі питерлік режиссер. Сондағы кинематогрофистер одағы басқармасы басшыларының бірі. Сондай қызметін тастап, Бажиннің алып-ұшып Қазақфильмді көркейтемін деп келе қойғанына таңым бар. Көркейтемін, кемелдендремін десе өзінің шаруасы өзіне жетіп жатыр емес пе? – дейді Қазақфильмнің басшысы.

Владимир Бажинді Қазақфильмге, Қазақстанға қарай жетелей жөнелген мәселе, бәлкім, қаржы қаражат мәселесі шығар? Бақыт Ғафуұлы да осылай ойлайтынын жасырмайды.

-         Қазір Ресейдің экономикалық ахуалы, әсіресе, киноөндірісіне қиын соғып тұр. Сондықтан Ресейдің кинонарығындағы адамдардың Қазақстанға келуі түсінікті, - дейді ол.

Жә, солай-ақ болсын. Алайда, Ресей экономикалық қиындықты бастан кешуде екен деп оның Бажині мен басқасын асырау – Қазақфильм мен қазақстандық салық төлеушілердің міндеті емес. Осының бірін ескерместен былтыр жекешеленіп кеткен  Қазақфильм АҚ-на біздің билік белден басып Бажинді бастықтардың бірі етіп тағайындап жатыр.

P.S. Санкт-Петербор кинематогрофистер одағы басқармасының мүшесі әрі РФ кинематогрофистер одағының мүшесі болып табылатын Владмири Бажин питерлік кинорежиссер әрі сценарист Снежкин дегеннің жақын адамы көрінеді. Снежкин біздің Елбасы туралы «Так сложились звезды» атты кезекті кинокартинаның қоюшы-режиссері болды деп жазады Жанна Иманбаева өзінің әлемжелідегі жеке парақшасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485