Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3957 0 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 09:27

ДАВЛАТ ЧОЛОВ ИМ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ

Тәжік билігі Тәжікстанның Халықтық майданының бұрынғы командирі Курбон Чоловтың бауыры «Ислам мемлекеті» террорлық тобына қосылғаны туралы хабарлады.

45 жастағы Давлат Чоловқа қатысты осындай ақпарды бүгін Куляб өңірі бойынша ішкі істер министрлігі басқарма бастығының орынбасары  Абдукодир Мирзозода жариялады.

2014 жылы Давлат Чолов Түркияға ұшып кетпек болған жерінен ұсталып, оған ИМ қатарына адам тартты деген айып тағылған еді. Кейінірек оны айыппұл төлеп, «өкінгені» және «тергеумен әріптестік орнатқаны» үшін босатып жіберді. Бұдан соң туыстары Давлат Чоловтың жоғалып кеткенін хабарлады. Ол Сирияға кетуі мүмкін деп жорамалданған болатын. ​

Давлат Чолов бұрын Тәжікстанның шекара күштерінің сапында тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен. Қару-жарақтың жоғалуына байланысты айыптардан Ауғанстанда бой тасалады. Чоловтар отбасы 1992 жылы президент Эмомали Рахмоновқа билік басына келуге көмектесті және 1990-шы жылдары Тәжікстандағы азамат соғысында үлкен ықпалы болды деп саналады.

Тәжік билігінің деректерінше, Куляб аймағының 90-нан астам тумасы Сириядағы экстремистік топтардың қатарында соғысып жүр, тағы сегізі Ирактағы содырларға қосылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1121
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2657
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 775
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740