Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3280 0 пікір 13 Қаңтар, 2016 сағат 13:38

АҚШ УКРАИНАҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

АҚШ Украинаға өткен жылдың желтоқсанында елдің электр жүйесіне жасалған шабуылды зерттеуге көмектеседі.

Оқиға 23 желтоқсанда орын алған. Нәтижесінде «Прикарпатьеоблэнерго» қызмет көрсететін елдің батысындағы 80 мың адам жарықсыз қалды. Кейбір сарапшылар мұны хакерлік шабуылдың нәтижесінде болған тарихтағы бірінші оқиға деп баға берді. Украинаның қауіпсіздік кеңесі Ресейді бұл іске қатысы бар деп айыптайды. ISight Partners америкалық агенттігі ресейлік «Sandworm» хакерлік тобының қатысы бар деп болжам айтты. Егер Ресейдің қатысы дәлелденсе, онда АҚШ президенті Барак Обама 2014 жылы Sony Pictures Entertainment корпорациясын солтүстіккореялық хакерлердің бұзғанын жариялы түрде мәлімдегені секілді, бұл оқиғаны да қалың халыққа жеткізеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113