ПОВОРОТ
Отырар аудандық газетінің бас редакторы Төпен ағамыз бірде қызметтік көлігімен Шымкент қаласына келіп, көше қиылысынан дұрыс бұрылмай МАИ қызметкеріне ұсталыпты.
Көліктен түсіп жөн сұрасса, ала таяқты жігіт ара ағайындыққа көнбейтін көрінеді.
Сөйтсе Төпекең:
- Әй, айналайын, осы Шымкентте қанша поворот болса, соның әр қайсысына 500 теңгеден берейін, - депті.
МАИ қызметкері:
- Ой, көке, өзіңіз аузыңыздан қағынып тұрсыз... Шымкентте не көп, поворот көп қой. Оның бәріне 500 теңгеден беруге шашыңыз жетпейді. Одан да он-он бес повороттың ақшасын тастап кете беріңіз...
Сонда Төпен аға:
- Жоқ, айналайын... Шымкентте екі-ақ поворот бар. Біреуі – оңға, біреуі – солға... Басқа поворот көріп тұрғаным жоқ, -- деп, «майшниктің» қолына мың теңге ұстатып кеткен екен.
Оралхан Дәуіт
Facebook-тегі парақшасынан