Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4690 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 10:27

ШҰЖЫҚТЫ ӘЖУАЛАҒАН ШЕТЕЛДІККЕ ҮКІМ КЕСТІ

Қырғызстанның Қаракөл қалалық соты канадалық Centerra Gold компаниясына қарасты "Құмтөр" кен орны қызметкері, британиялық (бұрын австралиялық деп айтылған) Майкл Макфитті депортациялауға үкім етті.

Бұл деректі Азаттыққа судья Мадамин Азимжанов растады.

Майкл Макфит 31 желтоқсанда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында қырғыздың ұлттық тағамы - шұжықты айғырдың қасасына (жыныс мүшесіне) теңеп, ол жазбасы жергілікті қызметкерлердің наразылығын тудырған. Наразылар"Құмтөр" компаниясы басшылығының кешірім сұрауын талап еткен.

3 қаңтарда Манас әуежайында ұсталып, Қаракөлге апарылған Майкл Макфит Facebook-тегі жазбасына бола кешірім сұраған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2615
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 708