Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4754 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 10:45

РЕСЕЙ УКРАИН ТАУАРЛАРЫНЫҢ ТРАНЗИТІН ТОҚТАТТЫ

2016 жылы қаңтардың 1-ен бастап Ресей мен Украина арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім тоқтатылды.

Украинаның экономикалық даму министрлігі Ресей қаңтардың 4-нен бастап, өз аумағы арқылы өтетін украин тауарларының транзитін толық тоқтатқаны туралы хабарлады. Аталған жағдай бұған дейін шыққан президент Владимир Путиннің бұйрығы бойынша қалыптасты. Украин тарабы бұл оқиғаны "ашық емес, қисынсыз және кемсітетін" деп атап, Ресейді Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында мойнына алған міндеттемелерді орындамай отырғаны үшін айыптады.

Путин қаңтардың 1-де Украинадан келетін транзиттік жүк тасымалын реттейтін жарлыққа қол қойған болатын. Онда Ресей арқылы Қазақстанға баратын украин тауарларының  тек Белоруссия аумағымен өте алатыны көрсетілген. Бұдан бөлек, тасымалдаушы ГЛОНАСС навигациялық жүйесі негізіндегі секілді тек ережеде көрсетілген айқындаушы құралдарды пайдалануы тиіс.

Сонымен бірге, 2016 жылы қаңтардың 1-нен бастап Ресей мен Украина арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім де тоқтатылды. Бұл Украина мен ЕО арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қарсы жауап болып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669