Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4299 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 10:46

ӨЗБЕКСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ТЕМЕКІ ТАРТҚАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Өзбекстанда қоғамдық орындарда шылым шеккендер қаңтардың 1-нен бастап, ең төменгі жалақының үштен бірін құрайтын немесе «қара» базар бағамымен шамамен 8 АҚШ долларына тең айыппұл төлейтін болады.

Қоғамдық орындарда темекі тартқандарға айыппұл салу елде тұңғыш рет қолданылуда. Әкімшілік Кодекске енгізілген өзгерістерге желтоқсанның 29-да президент Ислам Каримов қол қойды. Ол желтоқсанның 30-нан бастап күшіне енді. Жаңа ереже бойынша, жұмыс орнында, денсаулық сақтау, білім беру, спорттық-сауықтыру мекемелерінде, өрт қаупі жоғары орындарда және өзге де көпшілік жерлерде темекі шеккендерге айыппұл салынады.

Қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салатын заң Өзбекстанда 2012 жылдан бері бар, алайда заңмен бекітілген жаза түрі мен тиісті бақылаудың жоқтығынан бұл заң іс жүзінде  орындалмай келді.

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5350