Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5752 0 пікір 2 Қаңтар, 2016 сағат 11:36

ҚАЗАҚТЫ ҚОРЛАУ ҚИЫН ЕМЕС. БЕЛА ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА ҚОРЛАДЫ

«Қазақтар — *** халық» — деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында экс-журналист Бела Құдайбергенова. Бұл ханым өзінің еңбекақысын төмендеткеннен кейін Лондоннан Қазақстанға қайтқысы келмеді. Сірә, қаржылық қиындықтар кей адамдардың әмиянын „жүдетіп„ қана қоймай, ақыл-есіне де әсер ететін сыңайлы.

Кемсіту, қорлау, алауыздық тудыру — қиын шаруа емес. Белгілі мінезі бар адамдар мұны, тіпті, ақысыз, яғни, тегін істей алады. Бірақ одан кейін, ұзақ жылдар бойы осындай „жүкпен„ қалай өмір сүруге болады, бірақ бұл мүлдем бөлек дүние. Оның үстіне, өз халқыңа тіл тигізуге тырыссаң.

Қазір бұған барлық жағдай жасалған — өзіңнің көңіл-күйіңді әлеуметтік желілерде білдірсең жетіп жатыр, оны сен әдейі жасадың ба, әлде абайсызда істеп қойдың ба, ол маңызды емес. Бұл сәнді, тапқырлық, ерекше, өзекті болып көрінуі мүмкін. Мұны істеген кезде сен өзіңді пайғамбар ретінде сезінуің де мүмкін. Мұның саған табыс әкелуі де ғажап емес. Уақытша.

Алайда албырттық, жасанды әділ ашу — арзан және тегін тауар. Сондықтан оны телехикаялардың режиссерлері мен саяси драмалардың режиссерлері болуға ұмтылғандар жақсы меңгерген. Олардың екеуіне де маңыздысы — актерді рухтандыру, ал одан кейін тезірек түсіріп, жедел эфирге шығару! Одан кейін не болатыны — соншалықты маңызды емес.

Ал өмір — көпірген көбік емес. Қазақтың қызы Бела Құдайбергеноваға ерте ме, кеш пе, өзінің осы оғаш қылығын ақтайтын дүние табу қажет болады, ең алдымен өзі, құдай бетін ары қылсын, осыны оқуы мүмкін ата-анасы, қазақтар үшін. Әр ана армандайтын және олардың болуын қалайтын балалары үшін. Өйткені олар ерте ме, кеш пе, бәрібір: «Мама, біз кімбіз? Сен кімсің?», — деп сұрайды.

Иә, бір нәрсемен келіспеуге болады, оппозиционер болуың да мүмкін. Билікке сенбей, сот төрелігіне наразылық білдіруге болады. Бұл саясаттың ажырамас бөлігі.

Ал өз халқыңа тіл тигізу, оны қорлау — мүлдем бөлек дүние. Ол саясатқа жатпайды. Бұл психиатрия саласының еншісіндегі іс. Бірақ бұл Бела Құдайбергеноваға соншалықты маңызды болмауы мүмкін. Қазір маңызды емес. Өйткені дағдарыстан дағдарып отырмыз.

Десек те, бір профессор айтқандай, дағдарыс, ол, ең алдымен, баста болады. Бірақ ол профессор болса, ал бұл Бела ғой. Оның өз басы, өз дағдарысы бар.

Дерек көзі: 365info.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345