Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5567 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 11:40

ТӘЖІКСТАН СІМ ИРАННЫҢ ЕЛШІСІНЕ НОТА ТАБЫСТАДЫ

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі желтоқсанның 29-ы күні, кешке Иран Ислам республикасының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Худжатулло Фигонидың Тәжікстан СІМ-не шақырылғанын хабарлады.

Кездесу барысында желтоқсанның 27-де Тегеранда өткен ислам бірлігі туралы Халықаралық конференция тақырыбы сөз болған. Кездесу соңында Иран елшісіне Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі нота тапсырды.

Онда: “министрлік  Конференцияға Тәжікстанда мемлекеттік төңкеріс жасау арқылы конституциялық билікті басып алмақ болғаны үшін қылмыстық іс арқалаған және Интерпол желісімен іздеу жарияланған экстремистік және террорлық  исламдық қайта өркендеу партиясының бұрынғы төрағасы Мухиддин Кабиридің қатысқанын өкінішпен ескертеді", - делінген.

Тәжікстанның СІМ конференция ұйымдастырушыларының әрекетін қабылдай алмайтынын және "Тәжікстан мемлекеті мен ұлтының қарсыластарына бұлай көңіл бөлудің Тәжікстан Республикасы мен Иран Ислам республикасының арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін» екенін ескертті.

Abai.kz         

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2527
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660