Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4399 0 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:28

ТҮРІК ТАУАРЫН ТАСИТЫНДАР ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПТЕУДЕ

Қазақстанның халықаралық автокөлікпен тасымалдаушыларының Одағы түрік тауарларын тиеп, Қазақстанға бет алған жеті көліктің өткен айдан бері Ресей шекарасында қаңтарылып тұрғанын хабарлады.

Үкімет орындары «жағдайдың қайталанбасына кепілдік жоқ екенін» мәлімдеген. Қарашаның 24-нен бері, Түркиядан келе жатқан 70 қазақстандық жүк автокөлігі Ресеймен шекарадан өтуге рұқсат ала алмай отыр. Қазақ кәсіпкерлері шекарада қалып қалған әр жүк көлігі үшін күн сайын қосымша мың доллар шығын шегіп жатқандарын айтуда.

Бұл жағдай түріктің әуе күштері ресейлік СУ-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргені үшін Ресейдің Түркияға салған санкцияларынан кейін туып отыр. Анкара ұшақтың Түркияның әуе кеңістігіне кіріп кеткенін және ескертулерді елемегенін айтуда, Кремль ұшағының Сирия аумағынан шықпағанына сенімді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4897
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4094