Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4696 0 пікір 23 Желтоқсан, 2015 сағат 11:58

ОҚО ӘКІМІ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҮЗДІКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов энергетиктер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Мерекелік жиында облыс әкімі аталмыш салада еліміздің дамуына орасан үлес қосып жүрген бірқатар энергетиктерді облыс әкімі марапаттап, атаулы датамен барша сала мамандарын құттықтады.

«Энергетика – бүгінгі таңда жаңа заман өмірінің күре тамырына айналды. Ол туралы біздің Елбасымыз да үнемі айтып отырады. Президентіміздің халықаралық бастамаларының бірі де – энергетика саласына қатысты екенін сіздер жақсы білесіздер. Біріккен Ұлттар Ұйымында сөйлеген сөзінде Елбасымыз адамзатқа баламалы энергия көздеріне көшу туралы ұсыныс айтты. Бұл жаңа ғасырда ең керекті, ең өзекті ұсыныстарының бірі. Шын мәнінде, өмірдің сапасы бүгінгі таңда энергетика саласының сапасына тікелей қатысты», - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, Б.Атамқұлов бүгінгі таңда электр энергиясынсыз өмір сүруді елестетудің мүмкін еместігін айтып, осы қиын да қызық салада қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлердің үлесі орасан екенін жеткізді.

Салтанатты шарада энергетика саласының кәсіби мерекесінде жалпы саны 80-ге жуық қызметкерлерге ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, ТМД-ның «Құрмет грамотасы», «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының» «Еңбегі сіңген энергетигі», «Құрметті энергетик» белгілері мен Құрмет грамотасы, сондай-ақ, облыс әкімінің алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталды.

Өңірімізде энергетика саласында 5,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Жалпы, облыс тұрғындарының электр қуатын орташа тұтынуы жаз мезгілінде 330-350 МВт, қыс мезгілінде 430-470 МВт-ты құрайды. Облыста тұтынылатын электр қуатының 60 пайыздан астам бөлігі еліміздің солтүстік аймақтарынан және Жамбыл ГРЭС-нен тасымалдануда.

Облыстағы «3-Энергоорталық» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Кентау Сервис» МКК, «Келесгидрострой» ЖШС мекемелері электр қуатын өндіреді.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы 100 пайыз электр энергиясымен қамтамасыз етілген. 2010-2015 жылдары республикалық, облыстық бюджеттерден 9 041,1 млн. теңге қаралып, облыста жалпы 55 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, яғни, 1876,444 шақырым электр желілері және 440 дана электр қондырғылары пайдалануға берілді. Нәтижесінде 235 040 тұрғын сапалы электр энергиямен қамтамасыз етілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375