Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 41071 3 пікір 21 Желтоқсан, 2015 сағат 11:22

АЛТАЙ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

                                       

     «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»

Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан:

Ресейде: Алтай Республикасы - Ресей Федерациясының құрамындағы Сібір федарация округіне кіреді.  Солтүстігінде Алтай аймағы, бастысында Қазақстан, оңтүстігінде Қытай мен Монғол,  шығысында Тува мен Хақасия, солтүстік шығысында Ресейдің Кемер облысымен шекараласады. Орталығы Барнауыл. Ресей құрамындағы Алтай атты топонимдер: Алтай Республикасы — Ресей Федерациясындағы субъект; 

Алтай өлкесі — Ресей Федерациясындағы субъект . 

Алтай ауданы — Алтай өлкесіндегі муниципалі. 

Алтайское — ауыл, Алтай өлкесіндегі Алтай ауданының әкімшілік орталығы.

Алтай ауданы — Хакасия Республикасындағы муниципалді бөлімі.

Алтай — Хакасия Республикасының Алтай ауданындағы ауыл.

Алтайское — Хакасия Республикасының Алтай ауданындағы көл.

Алтай таулы округі — 1834—1896 жылдар аралығындағы оңтүстік-батыс Сібірдегі әкімшілік-территориалдық құрылым.

Алтай — Ресей ауылы, Кондин районы, Ханты-Мансий автономиялық округындағы орналасқан.

Қытайда: Алтай аймағы — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты әкімшілік аймақ. Батысында Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстігінде Ресейдің Алтай Республикасымен (Ресеймен 2-реткі шекараласуы (52 км)), солтүстік-батыс және батысында Моңғолияның Баян-Өлгей (450 км) Қобда аймақтарымен шектеседі. Әкімшілік жағынан 6 ауданға (Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Буыршын, Қаба, Жеменей), 1 қалаға (Алтай қаласы) бөлінеді. 2000  жылғы халық санағы бойынша, халқының 51,38 % қазақтар құрайды.

Алтай қаласы — Алтай аймағының орталығы.

Мұңалияда: Мұңалияның (Моңғолия) батысы мен оңтүстік-батысында Мұңал Алтайы (ең биік нүктесі – 4374 м), Гоби Алтайы мен Қаңға (Хангай) таулары, елдің орталық бөлігінде Кентай (Хэнтэй) таулы қыраты орналасқан. Оңтүістігі мен оңтүстік-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзендері – Селенга, Керулен, Қобда. Мұңал Алтайына: Баян-Өлгей аймағы, Қобда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы кіреді.  Елдің батысында халқы негізінен қазақтардан тұратын Баян Өлгей аймағы орналасқан.

Гоб-Алтай аймағы — Елдің оңтүстік батысындағы аймақ.

Алтай — қала, Говь-Алтай аймағының әкімшілік орталығы.

Алтай — Гоб-Алтай аймағындағы аудан.

Алтай — Баян-Өлгей аймағындағы аудан.

Алтай — Баян-Өлгей аймағындағы Алтай ауданының орталығы.

Қазақстанда:  Алтай кенті — Шығыс Қазақстан облысындағы кент.

Кенді Алтай — Тау-кен өндірісінде үлкен роль ойнайтын Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай таулы округінің ресми емес атауы.

Бізге қарасты қолымыздағы алтынымыз кенді Алтайдың астанасы –  Өскемен. 

Түркі халықтарының алтын бесігі саналатын Алтай өңірі – ерекше аймақ. Үстінен төрт елдің — Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Ресейдің шекаралары өтіп жатса да, таудың төрт жағын түгел қоныстап отырған негізгі халық — қазақтар.

Өздеріңіз көріп отырғандай, бір кезде Ұлы аталарымыз ту тігіп, түтін түтеткен алтын Алтай тағдыр тәлкегімен қазір төрт бөлікке бөлінген, төрт елдің иелігінде. Алайда, ата қоныс Алтайды қастерлейтін біздің жүрегімізді ешбір шекара шектей алмаса керек. Біз оның әрбір аттам жеріне, тауы мен тасына, суы мен орманына, ондағы өз атамекендерінде отырған қандас бауырларымызға және бәрімізге ортақ тектік (рулық) шежіремізге махаббатпен қарауға тиіспіз. Өр Алтайдың кешегі түркілердің, бүгінде оның ұрпағы, яғни қарашаңырағының иесі қазақтардың тарихи атамекені екенін айтудан және оны  айдай әлемге жар салудан ешқашан танбауымыз қажет.

 «360 әулиелі киелі Маңғыстау» сан мыңдаған жылдар бойы әлем астанасы болды. Ол бүкіл әлем тарихында «МАД (Мадай, Маадай, Ман Адай) патшалығы деген атаумен хатталды.  Осы патшалықта адам баласы (Мұса пайғамбар)  ұлы Жаратушы – Алланы және оның ақиқатын таныды. «Торы ат (Таурат)» арқылы Адам баласы ақ пен қараны, жақсы менен жаманды, өтірік пен шынды, әділет пен әділетсіздікті ажырата білді.

Олар: «Аспан мен жер, ай мен күн

Қараңғы-жарық, күн мен түн

Әуелден жолдас некелі

Фәни мен бақи – екеуі

Екеуінің арасы

Алыс болса екі елі» деп бүкіл философияны төрт шумаққа сыйдырып, дала даналығын дәлелдеді. Осы МАД патшалығы атауынан бүкіл әлемге «мәдениет» деген ұғым, сол Мадтардың «авторлық құқығымен» тарап кетті.  Бүкіл әлем елдері осы патшалықтан «енші алып, отау тікті», осы өңірде болып өткен оқиғаларды өздерімен бірге Ата-бабаларының шежіре-дастандары арқылы ала кетті.

Мысалы, Қырғыздар «Манас» дастанын ала кетсе, Қоңыраттар «Алпамыс батырды», Тува халқы «Алып Маадай» эпосын, Бурят, Саха-Якут, Алтайлықтар «Маадай – Қара», Әзірбайжандар «Дадам Қорқыт» дастандарын, парсылар «Авестаны» т.т. ала кетті. Әдебиеті мен мәдениеті, артында қалған мол мәдени  мұралары күні бүгінге дейін бүкіл әлемнің «аузын аштырып, көзін жұмдырған» шумерлер де өздерін «Қарабастар» деп атаған. Олардың да бастау алған жері Маңғыстау. Ол жер күні бүгінде де «Қарабас» (Қарамандыбас) деп аталады.  Осылайша, бүкіл әлем елдерінің шежіре-дастандарында, жырларында, аңыз-ертегілерінде әлем мәдениетінің алғашқы бастау көзі  сақталып қалды.

«Р.Бердібай түркі халықтары эпосындағы тарихи-генетикалық және тарихи-мәдени ұқсастықтарды талдап, «Дәде Қорқыт кітабы», «Манас», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Алпамыс батыр»,  «Маадай-Қара», «Алтын арыг» эпостарындағы ортақ сарындарды көрсетті, қазақ оқушыларына саха, хакас, тува, алтай, ұйғыр, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, татар, башқұрт, түрік, әзірбайжан, құмық, қарашай-малқар халықтарының елеулі әдеби ескерткіштерін таныстырды» [1, 169-б], - деп баға беріледі. (Қазақ әдебиеті Энциклопедиясы).

Алтай халқында өте бай ауыз әдебиеті мұрасы бар. Алтайлықтар өздерінің жыр байлығын «Алтай батырлары» деген атаумен тоғыз том етіп шығарыпты.

Алтайлықтардың тегі бізбен бір екендігі кез-келген ұғымнан көрінеді. Мысалы, олар жырды да, ертегіні де шөршек деп атайды. Дауыс көтеріп айтуды қайлап айту деу өте көне ұғым.  Жырды ертегіден айырып көрсету үшін қайлап айтар шөршек дейді екен. Сол «қайлаудың» қазақ әндерінің соңында келетін «қайырмамен» түбірлес болуы біздің келтіріп отырған тұжырымымыздың дұрыстығын көрсетеді. Алтайлықтар жырды белгілі әуен, ырғақпен айтушыны қайшы деп атаған... Ал жырды қайлап (әндетіп) айтудың түрлі дәстүрі болған.

Алтай эпикалық жырлары қаһармандық эпосы тобына жатады. Алтай эпостарының қазақ ертегілерімен туыс екендігі айқын көрінеді. Қаһарманның аждаһалармен айқасы, жер астының билеушілерімен күресі, батырдың қалыңдық іздеуі мен үйленуі, жат елдік хандармен сайыс сарындары осыны дәлелдейді.

Қазақ ертегілерінде айтылатын жеті қат көк, жеті қат жер деген ұғымдар Алтай эпосында жиі кездеседі. Батырдың атының керек жерінде «тіл бітіп» сөйлеуі де, кеңесші болуы да «Батырлар жырынан» аумайды. Сол секілді жыр қаһармандары аң мен құстың тілін білетін болып көрінеді. Алтай эпосында әсірелеудің (гиперболаның) неше атасы кездеседі.

Осы айтылған сипаттар түгелге жуық Алтайдың «Маадай-Қара» аталған жырынан табылады. Москвадан СССР халықтары эпосының сериясымен шыққан (1973) бұл жыр Алтай ауыз әдебиетінің аса көрнекті ескерткіші болып саналады. Жырдың аты «Маадай-Қара» болғанымен, негізгі оқиғаға араласатын бас қаһарман Маадай-Қараның ұлы Көгедей-мерген. Эпостың бірінші бөлімінде ғана Маадай-Қара мен оның әйелі Алтын-Тарғаның қартайған шағында бұлардың елін Қара-Құла деген ханның зорлықпен басып алғаны айтылады. Жырдың ең үлкен бөлігі Көгедей-мергенннің туу, есею, үйлену, жауын жеңіп, мұратына жету тарихын айтуға арналған. Алтай эпосының кейбір ерекшеліктерін аңғарту үшін жырдың негізгі кезеңдеріне кідіре кетейік:

Жырдың басында Маадай-Қара елінің бейбіт өмірі елестетіледі. Алтайдың «қой үстінде боз торғай жұмыртқалайды» дейтіндей бейбіт қалпын Қара-Құла ханның өктем озбырлығы бұзады. Ол «Жердің үстін жемірген, жетпіс ханды билеген» жалмауыз делінеді. Ертектегідей оның «жаны» басқа жерде жасырулы болады. Ал бұған қарсы күресетін жас батыр – Көгедей-мергеннің сипаты ерекше әсерлі бейнеленеді. Оның «жүзі толған айдай, көзі Шолпан жұлдыздай, тілі от-жалындай, беліне бесон (елу), арқасына алпыс үйір жылқы жайылғандай» деп мадақталады.

Жас батырдың ержеткенін жүйелі түрде сипаттау да Алтай эпосын басқа елдер жырларымен үндестіреді. Көгедейдің екі күнде «ана», алты күнде «ата» деуге тілі келеді. Батыр баланың бесігі де, иеленген құлыны да, асынған қаруы да ерекше болып көрсетіледі. Алтай иесінің (біздегі қайбірен қырық шілтен секілді) көмегімен бала батырдың ғажайып есеюі кей тұста «Мұңлық-Зарлық» оқиғасын еске түсіреді. Көгедейдің бүкіл Алтайды жалмаған Қара-Құладан құтылуы, небір ғаламат тажал кедергілерден аман өтуі, атының «ақыл қосуы» секілді тұстар ғажайып ертегінің дәстүрімен берілген. Қара-Құла бүтіндей билеп алған Алтай елінің халін көрген Көгедей бір сәтте жау зынданынан шығып, еліне диуана киімімен жасырынып келгені Алпамыс батырдан аумайды. Басына қауіп төнгенде Көгедей Тастарақайға (тазша балаға) «айналып», елеусіз болып жүреді. Бұл тұс «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қозының қойшы болып киініп, Қарабай еліне келген жерін еске түсіреді. Қаһарлы Қара-Құла ханның әйелі – жер асты әміршісі Эрликтің қызы – Қара Таади басына жезтырнақ пен мыстанның зұлымдықтары жиылып берілген. Елінің азаттығы үшін күрескен Көгедей мерген осындай айлалы, айбарлы жаулардан күшін, қулығын асырады. Көгедейдің шеккен бейнеті бітпейді. Ендігі оның қас жауы – сиқыршы, залым әйел Қара-Таади болады. Соның құрған торына Көгедей талай рет ілінсе де, айла тауып құтылып жүреді.

Көгедейдің Айханның қызы – Алтын Көзгіге үйлену жолында кездескен қиындықтар жырда кең баяндалады. Қалыңдық іздеу сапарында Көгедейге Таусоғар, Көлтаусар, Желаяқ, Сұрмерген, Саққұлақ тәрізді достар кездеседі. Осылардың көмегімен Көгедей Айханның қыз бермеу үшін ойлап тапқан неше түрлі қиын сын жарыстарында жеңіп шығады. Эпостың бұл тұсы қазақтың «Ер Төстік» ертегісіне өте ұқсас екенін әркім аңғарса керек... Айханның еліндегі тойдың көлемі мен көркі орасан әсіреленіп беріледі («Тоқсан жылдай той тойлау, жетпіс жылдай жырғалу»...). Қызын Көгедейге қимаған Айхан көп қараулық жасағанмен, айласы іске аспай қала береді («Ер Тарғындағы Ақшахан, Ханзадахан секілді). Ақырында ата жұрты – Алтайды өз қарауына алған Көгедей жер астындағы жауы Эрликті де өлтіріп, одан қысым көргендерді босатады. Аңызы, қиялы, шындығы, әсірелеуі аралас жыр әділеттің жеңісімен аяқталады. Көгедей-мерген өзінің батыр жолдастарымен көкке ұшып, Жеті хан (біздегі жеті қарақшыға ұқсас) атты жұлдызға, оның сүйген жары Алтын-Көзгі Алтын қазық (темір қазық) жұлдызына айналыпты-мыс, Көгедейдің алтын-күміс жиһазы жердің астына көміліп, малы Алтайда қалыпты-мыс... Алтай халқының «Маадай - Қара» атты әдемі аңыз-жырының қысқаша желісі осындай. Дереккөзге «Қазақ фольклорының типологиясы» (girniy.ru/metisa/Қазақ./part-4.html) атты мақала пайдаланылды.

Жыр оқиғаларын қазақ эпосымен салыстырсақ, біз олардың егіз қозыдай ұқсас екендігін айқын аңғарамыз. Жыр жолдарының ырғағы да, ұйқасы да жағынан қазақ эпосымен сарындас.

Эпостың бастапқы жолы – «Алыптың жүзі қызыл өрттей» деген тіркестегі «Өрттей» деген сияқты теңеме сөздер осы жырда да, біздің шежіре дастандарымызда да өте кең қолданылады.

Жырдың атауындағы Маадай – Қара,  Ман Адай, яғни  «МАД» патшалығы атауын берсе, жырда кездесетін эпикалық мекен – Ойғылық пен Қиғылық – біздің Ойыл мен Қиылымызды айқын көрсетіп тұр.

 Осы деректерді ары қарай сабақтар болсақ, Алтай тауы жүйесінің ең биік шыңы - Ақтау (Мұзтау) (4056 м) деп аталады. Ақтау Маңғыстаудың бас қаласы болса, Мұзтау – Бұзаудың балама атауы. Екеуінің «Ұз» деген бір түбірден (бір атадан) болатыны осыдан.

Маңғыстауда Ұланақ, Қыр, Теңге, Қызыл су, Қызыл өзен, Баянды деген топономикалық атаулар болса, онда да Ұлан, Ұлаған, Қырлық, Теңге, Қызыл су, Баян өлгей деген атаулар бар.

Маңғыстауда Ақпан, Балықшы, Бұзау-Жеменей, Тобыш, Мұңал (бәрі Адайдан тарайды) деген рулар болса, онда Ақтау атты тау, Балықшы деген елді мекен, Бұзау деген көл, Жеменей (аудан мен қала), Гоби деген шөл мен аймақ, Мұңалия атты ел мен дала бар.

Таулы Алтайдағы бүкіл әлем бойынша ең терең көл Бұзау (Телецкое), басты өзен Қатын (Катунь), өзге өзендер Би (Бия), Шу (Чуя), және Арғын (Аргут) деп аталады. Қысқасы ондағы ежелгі атаулардың бәрін қазақи атаулар десе болады.       

Маңғыстаулық Қаз Адайлардың шежіре-дастандарының барлығында дерлік өте көп қолданылатын Эпикалық сандар: жеті, тоғыз, қырық, алпыс, жетпіс, тоқсан Алтай жырларында өте жиі қайталанып отырады.

Ал, Айхан, Жетіхан (Жеті қарақшы), Алтын қазыққа (Темір қазыққа) келсек, бұл ұғымдардың бәрінің авторы Адам атаның қарашаңырағы Қаз Адайлар, яғни бүгінгі Адайлардың ата-бабалары. Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912):

           «Мен Адайдың Ақтаны

           Сөйлеген сөзім тақталы.

           Әріден бері сөйлесем

           Олда өзімнің мерейім.

           Туған айға ат берген, (Аспандағы айға «Ай» деп, ат қойған менің атам Адай деп отыр).

           Ақ қағаз бен хат берген (Ақ қағаздың да, хаттың да, жазудың да авторы солар).

           Екі ерін мен тіл-таңдай

           Сөйлесін деп жақ берген. (Алғашқы тілі шығып сөйлеген де солар).

Айтқан сөзге түсінбес

Адамның мыйсыз ақымағы», — деп жырламаған болар еді (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);

Ал, Ресейге қарасты Алтай өлкесінің орталығы Барнаул қаласы атауының шығу тегіне келсек:

«216. Мұңал шындығы бойынша, бізде нояндық шен – бекі қоятын дәстүр бар. Боданшардың үлкен ұлы Барынның тұқымдары осындай шенге ие болған...» (Мұңалдың Құпия шежіресі. 154 бет.) Маңғыстаудағы Жетібай кенті (Қарақия ауданы) мен Шетпенің (Маңғыстау ауданының орталағы) арасындағы елді мекен күні бүгінде де сол дәуірдің тірі куәсіндей «Бекі», сол сияқты Каспий – Арал аймағы Жем өзені бойында Казбек деген жер, қазіргі Грузияның Аландар еліндегі (солтүстік Осетия) тау мен елді мекен «Казбек», яғни Қазақтың бегі деп аталады.

Сол Боданшар мұңалдың (сол заманғы жазбалардың бәрінде де Боданшардың тегі Мұңал деп жазылған) үлкен баласының ауылынан Барнаул (Барын ауыл) деген топономикалық атау қалды.

Қала Алтайдың солтүстік-шығысында орналасқан, 2014  жылғы санақ бойынша 819 000 адамды құрайды. Бүгінгі Барнауылдықтар (Ресейліктер) Барнаул деген сөздің қайдан шыққанын бірде-бірі түсіндіріп бере алмайды. Себебі, бұл атау олардікі емес. Атасы, баласына ат қоярда, оның мағынасын тек сол Аталары ғана біледі.

Бұған дәлел ретінде «Асыл аңызға» жүгінейік:

Шыңғысхан төрт ұлына үлес бөліп бергенде: «243. Шыңғысхан одан әрі былай деп жалғастырды: ...Шағатайға – үшеуін: Қарашарды, Мөңкені және Үдең Адайды».  

Шағатайға бөлінген Қарашар ноян осы Шыңғысхан құрған алып империяны құлатқан Әмір Темірдің (ақсақ Темірдің) бабасы болатын. Ол 1221 жылдың 22 қазан айында Иранның Нишапур қаласын алу кезінде қаза тапты. Ал, Әмір Темірдің өзі Шыңғысхан әулетінің күйеу баласы, туыстық жағынан Шыңғыс ханға тоғызыншы атадан барып қосылады, яғни Әмір Темір де, Шыңғыс ханда Боданшар Мұңалдың ұрпақтары. Боданшар Мұңал – Қабыш Батыр – Менін Тудың – Қашуын (Барлас руы тарады) – Барул Адай...Қарашар ноян... Әмір Темір.

Барын ауыл (Барнаул),  Барлас руы, Барул Адай - бұл Ақсақ Темір шыққан рудың аты.

Бұл жайлы Өзбекстанның көрнекті жазушысы Березиков Е.Е. өзінің «Великий Тимур» атты роман-хроникасында былай деп жазады. «Әмір Темір, сен есіңде ұста, ешқашан ұмытпа. Сен Темір Тарағайдың баласысың, ал Тарағай - әмір Барғұлайдың баласы, Барғұлай - әмір Илынғыздың баласы, Илынғыз – Бахадурдың баласы, Бахадур – Анжал Ноянның баласы, Анжал ноян – Суйініштің баласы, Сүйініш – Ердамшы Барластың баласы, Ердамшы Барлас – Қарашар ноянның баласы. Ал Қарашар ноян болса Шыңғысханның тумаласы» (56 бет).

Осы тарихи жағдайларға аталарымыздың қандай баға бергендіктерін саралайтын болсақ, кез келген тарихтан сәл-пәл болса да хабары бар жандар мына жағдайды аңғарары сөзсіз: Шыңғыс хан жайлы қазақ шежіресі бірде-бір артық сөз айтпайды. Оны хан, қаған (әлем билеушісі), әулие деп әспеттейді. Ал, Ақсақ Темірге аталарымыз ондай құрмет көрсетпейді. Мына көрші өзбектер оны Әмір Темір, Сақыпқыран, Көреген деп құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны жай ғана ауыл, үйдің аяғы ақсақ тентек баласы сияқты Ақсақ Темір деп атайды. Демек, адам баласы дүниеге келеді, өледі, өлгесін ұмыт болады. Тек екі адам ғана мәңгі өлмейді: біріншісі елін жақсылыққа жақындатқан адам, екіншісі елін сорлатқан адам.   

Алтайда Онғы Адай (Онғыдай) деген топономикалық атау бар. «Мұңалдың Құпия шежіресінде» айтылатын Шыңғысханның бала кезден үш рет анттасып дос болған, кейіннен сол өңірдегі 13 тайпа елдің барлығы бірігіп хан сайлаған Жамуқаның тегін Тайшуыт демеуші ме еді. Сол Тайшуыттың да (Дайжуыт) толық мағынасы Дай жұрты. Жамұқаның тегі Тобыш. Бұл Адайдың тоғызыншы буын ұрпағы. Сол шежіре де Жамұқаның руы Жажир Адай – Жадыран деп айқын көрсетілген. Жадыран атты ру Қаз Адайдың рулық шежіресінде Тобыш-Ораз-Алып-Шегем-Бабық-Жұмағұл-Ұлғай-Бодат-Жадыран болып таратылады. Бұл баяғы Ү ғасырдағы Римге дейін билігін жүргізген Еділ (Еуропада Аттила деген атпен белгілі) патша шыққан ел. Сол Аттиланың тікелей ұрпақтары Маңғыстау да Қараш деген ру атымен күні бүгінде де ғұмыр кешіп жатыр. Сол жердегі тайпалардың Шыңғысханды хан сайламай, Жамұқаны сайлағандарының да сыры осы. Тобыштар Адай атаның тоғызыншы буын ұрпағы. Шыңғыс қаған туының тоғыз шашақты болатынының да сыры осы.

Моңғолия Алтайы – Гоби Алтай аймағы, ондағы шөл дала Гоби шөлі деп аталып,  Гоби мен Тобыштың түбірлес (бір атадан) болатыны осыдан. 

Ал, Мұңал (Монғол) бұл Адай  Атаның оныншы буын ұрпағы. Ол жердегі Онғы Адай (Онғыдай) деген топономикалық атаудың болатын себебі осы.

Қорытынды: МАД, Маадай, Ман Адай, Ман Ата, Мадай (Матай), Мадиян бәрі синоним сөздер болып табылады. МАД - Маадайдың қысқартылған нұсқасы. КСРО (СССР) деген сияқты. Ман Атаның моласы Маңғыстауда күні бүгінге дейін сақталған. Сол бұрынғыша Ман Ата деп аталады.

Ал, Қараға келсек: «Бүкіл Сақ, Күн (Ғұн), түрік халықтарының қара шаңырағы Қазақ халқы, сол сияқты қазақтың қара шаңырағының иесі Байұлы – Адайлар сол ежелгі Каспийдің жағасында әлі отыр. Арал, Каспий өңірінен бастап, сонау Римге дейінгі ұлан ғайыр аймақтағы жер, су, тау, ел, елді мекен атауларында Қазақтың кіші жүзіне кіретін ру, тайпа атаулары тұнып тұр. Көбі күні бүгінде де сол ежелгі атауларымен аталады. Күн билеушілерін (Еділ патша олардың арғы ата-бабалары мен ұрпақтарын) Қаракөктің тұқымы деп атаған. Мысалы, «Жасасын Адакер бахадур! Адакер ордабасы болсын! Едіге де қаракөктің тұқымы. Ендеше, Адакер хан сайланса, дәстүр-салтқа қайшы келмейді» (Тұрсын Жұртбаев Дулыға 2. 59 бет). «Мұңалдың Құпия шежіресінде» қазіргі Мұңалиядағы Сеңгір өзенінің бастауындағы аймақ, «Қара жүректің Көк көлі», яғни қаракөк деп аталған. Сол таудың аты «Қара жүрек», көлдің аты «Көк» деп күні бүгінде де аталады.  Ал, енді осы қаракөктің түсін түстеп, тегін анықтайтын болсақ, оның негізгі тарихи отаны Маңғыстау мен Алтай (Маадай-Қараның ұлының аты Көгедей (Көке Адай екенін еске алыңыз)  екенін көреміз. Себебі, адайлардың қыс қыстауы Маңғыстаудың теңізге сұғынған аймағы Қарағантүп, Қараған түбек,  Түпқараған деп аталса, сол түбекке жалғасқан тау Қаратау, одан ары Маңғыстаудың Қара ойы, одан ары қырға көтерілетін жер Қараған босаға деп аталады. Бұдан шығатын қорытынды Еділ патша да, Шыңғыс ханның арғы аталары Қара ханның да, Өгіз ханның да төл ұлысы осы Арал-Каспий аймағынан, атап айтқанда Маңғыстаудағы Түпқарағаннан бастау алған. Бүгінде ол жерге Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко (ежелгі атауы Ақ Кетік) қаласы орналасқан. Осы айтылғандардың топономикалық айғақтамасы ретінде айтарымыз, Қараған түбекте «Қаңға баба» деген тарихи, сәулет нысаны мен «Қараған әулие» деген киелі нысан бар. Екеуі де көне керуен жолдың бойында орналасқан. Оданда басқа Бозашы түбегінде Қара әулие, Қарабарақты әулие (Қызан, Ақшымырау аймағында), Қарағашты әулие (Қарағашты әулие Маңғыстауда екеу, біреуі Қараған түбекте, Форт-Шевченко қаласынан шығыста 47 км. жерде, Бөрлі өңірінде. Екіншісі Қаратаудың шығыс бет тұсындағы «Күйек жолдың» бойында), Қараман ата (Қараман әулие кесенесі Шетпеден 35 км. жерде, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына жақын жерде), Қарақия әулие (Қарақия ойпатының түбінде) және осылар сияқты Маңғыстау мен Үстірттің әр жерінде Қарабүгіже, Қараоба (екеу), Қараташ, Қарашасаура, Қарағаш, Қаратам (үшеу), Қарағанжал, Қарамола (төртеу), Қарабақты (екеу), Қаракөз, Қарашымырау (үшеу), Қарамұрат, Қараойық, Қарақису, Қарашоқы, Қаракүмбет, Қаратөбе, Қарашала, Қарғалытам, Қаразым, Қарабарақ, Қарамай, Қарақожа, Қараудан, Қараша, Қарашелек әулие атты киелі орындар бар. Одан ары Қарабатыр бұлағы, Қараүлек құдығы (Қызаннан 33 км. жерде), Тұщықұдық аулынан батыста 35 км. жерде Қаразым атты көне әулие (қорым), Қаратон (Қарадөң) атты жер, Қаражанбас, Қарамандыбас, Қарамандысор, Қараманды, Маңғыстаудың Қара ойынан қырға шығатын жол Қаратүйе, Қараған-босаға, Кендірлі құмымен Кендірлі сорының оңтүстік жағындағы Қарамая-Қарашек, Атырау облысының Маңғыстау облысымен іргелес жатқан Сарықамыс кентінен 15 км. жерде Қарақұм атты сор мен Қарақұм атты құмды массив, Қарақұм атты елді мекен, Қарақұдық деген жер, Қара Төбе деген төбе, Қаратүлей деген сексеуіл тоғайы, Қарабарақты деген ой, таулы Маңғыстаудағы Жыңғылды ауылының оңтүстік жағында 8 км. жерде, оңтүстік Ақтау жотасының үстінде «Қарақожа әулие» деген бейіт, Маңғыстаудың шығысында Қарабұғаз атты жер бар. Қараған босағадан шыққасын көш жолы жаз жайлаудың бірінші нүктесі қазіргі Ақтөбе облысы жеріндегі өзен Қара Қобда, осы өзеннің бастау алатын тауының аты Қараған тау,   екінші нүктесі Сарыарқадағы ұлан-ғайыр аймақ Қараған (бұл күндері Қарағанды облысы) деп аталады. Одан ары Сыр өңірі Қаратау және ескі қала орны Қарақорымға тап боласыз. Сол сияқты, қазіргі Алтай, Мұңал даласындағы Байұлы тауының баурайындағы 70-80 шақырым аймағы Қара дала, Керілген өзенінің сол жақ айырығындағы өзен Қара су, сол Мұңал даласындағы Толы өзенінің жағасындағы қалың жыныс Қара орман, сол даладағы ескі қаланың орны Қарақорым деп аталады. Ал «көк» терминіне келсек, көк аспан, Көк тәңірі мен Көк бөріге  қосымша   «Арал мен Балхаш» атты көк көлдер бар.   Бұдан шығатын қорытынды Еділ патша иелік еткен алып мемлекеттің аты «Қазақ» деп аталған және оның мемлекеттік тілі қазақ тілі болған. Ал олардың Гүн, Гунн, Хұн, Хун, Хунну, Хунну, Ғұн, Һұн деп жазып жүргендері, Өгіз қағанның тақ мұрагері Күн хан атамыздың атынан шыққан. Осы қаптап кеткен Қараларды ары қарай түгендейтін болсақ, Атырау облысында Қарабау; Ақтөбе де Қарабұтақ; Орал да Қара төбе; Қызылорда да Қаракөл; Жезқазған да Қаражал; Қарағанды да Қарқара, Қарағайлы; Ақмола да Қарабұлақ, Қаратал,  Қарақасқа; Семейде Қарауыл; Шымкентте Қарабұлақ; Алматы да Қарасай; Қырғыз елінде Қара-су, Қара-Құлжа, Қара-Қабақ, Қара-мық, Қарақолқа, Қарасай, Қарауыл төбе, Қара-балта атты елді мекендер; Ақтөбе облысы жерінде Қаратоғай атты өзен, Арал маңында, яғни Аму мен Сыр атты екі өзеннің арасында Қарақұм атты үлкен құмды массив; Қарағанды да Қарасор атты көл; Түрікменстанда Қаразым (Хорезм) атты өлке; Тәжікстан да Қаракөл атты көл, Қарасу атты өзен; Өзбекстан да Қарадария атты өзен; Қырымда Қара теңіз атты теңіз; Түрік елінде Қара, Қараман, Қаракесе, Қарахисар, Қарабюк, Қарапықар атты елді мекендер мен Қарасу атты өзен, Анкараның батысында Қаражатақ атты өлке; Әзірбайжанда Таулы Қарабақ;  Қарақалпақ, Қарашай атты ұлттар бар. Ертеректе Қазақтар қытайларды Қарақытай, қыпшақтарды Қара Қыпшақ деп атаған.  Оның үстіне Азия картасынан теңіз деңгейінен 8611 метр биіктіктігі бар Қарақорым тауы мен Қарақия аралын табасыз. Жалпы әлем  картасында (Атлас) сөз түбірінде Қара деген атаумен аталатын 878 топоним бар. Ал, картаға түспегені қанша ма? Осы бүкіл әлемді жаулаған Қара-Қаракөктердің бәрінің бастау алған жері жоғарыда көрсеткенімдей Манқыстау мен Алтай болып табылады. Бұл Қарағанның түбі деп атының өзі-ақ айтып тұрғандай дауға жатпайтын тұжырым. Демек, бұл кезінде бастауын Түпқарағаннан (Қарағантүп, Қарағантүбек) алып, кейіннен бүкіл әлемді билеген Қаралар (Қарахандар) әулетінің тегі қазақ деген сөз.

Өздеріңіз көріп отырғандай, осы еңбекте көптеген жер, су, тау, елді мекен атаулары, негізінен Алтайда, Сыр өңірінде, Арал – Каспий, оның ішінде әсіресе Манқыстау өңірінде әсем әннің қайырмасындай болып,  бірін-бірі үнемі қайталап отырады. Бұның негізгі себебі, осы өңірлерді мекендеген (қыстаған) елдердің бәрі бір халық, Алаш ұрпақтары. Мен осы бірін – бірі қайталап жатқан елді мекендерді зерделей бастағаннан, негізгі екі мекеннің (Сыр мен Манқыстау) қайсысы негізгі орда (түп қазық) деген сұраққа жауап іздегенмін. Бұл сұрақтың жауабын аталарымыз жоғарыда көрсеткенімдей, түбектің атын Манқыстау, осы Манқыстауға Қарашаңырақтың (бас орданың) суретін салып, атын өшпестей етіп Маңғыстаудың ең түпкіріне Түпқараған (Қарағантүп, Қараған түбек, Қаралардың түбі), оған жалғас таудың атын Қаратау, осы Қаратауға жалғас ойдың атын Маңғыстаудың Қара ойы, осы ойдан Қырға (Үстіртке) көтерілетін жалғыз жолды  Қараған босаға (Қара түйе) деп айшықтап-ақ жазыпты. 

Бұны азсынсаңыз Манқыстауға  Қара-Ман атамыздың атқа мінген бейнесі де толықтай суреттелген. Қаражанбастың теңізге сұғынып тұрған жері шынында да суыр атқа (Қазар (қазақ) теңізіне) мініп отырған адамның жанбасы, ал Ақтау бағытынан Таушыққа жақын жердегі теңіздің құрлыққа сұғынған жері адамның шатынан (бұтынан) айнымағандықтан Шат деп қойылса, Қараманның кеудесі (жүрегі) Жетібай мен Шетпенің арасындағы Бекі мен Қарақия ойының орта жеріндегі Қараман ата атты алқаппен осы атамыздың атындағы әулие қорымы болса, басы Жетібай мен Жаңаөзеннің ортасында Қарамандыбас, яғни Қаралардың басы деп аталады.  Қараман атамыздың қолында құрықта бар. Ол жер теңіз жағасының Ақтау мен Өзен қаласы арасында, тура Жетібайдың тұсында, күні бүгінде де Құрық (Қарақия ауданының орталығы) деп аталады. Ал, айналасында Құланды атты бірнеше топоним бар. Соның бірі осы Қарақия ауданының аумағында, Құрыққа жақын жерде орналасқан. Енді бұған санасында саңлауы бар адам дау айтпаса керекті. Сонда ежелден бергі қазақтың ата мекені Қапқаз (тау), Қазар (теңіз) және Манқыстау (жер) атты топонимнен Қазақтың ұлы тауы Қапқаздың баурайында, суыр атқа мініп, құрықпен құлан аулап жүрген «Қарға бойлы қазтуғанның» (Қазақтан туған қазақтың), яғни Қараман атаның бейнесін көреміз. Міне, аталарымыз тарихты осылай жазған. Тарих жазсаң осылай жаз. Тарихты бұлай жазу қазақтан басқа еш бір елдің қолынан келіп көрген емес. Сондықтан да олардың таңбаларын «Тіл»   және өздерін Қас би (Қаз би, Каспий) деп атаған.

Бүгінгі ғылыми айналыста алғашқы адамдар Алтайда өмірге келіп, әлем мәдениеті сол жерден тараған делінеді. Олай емес екенін Алтай деген атауынан да айқын көре аламыз. Бұл мәселені бізге шешіп беретін де осы сөздің өзі. Алтай қысқартылған сөз. Балама мағынасы Алғы (алдыңғы, алғашқы) тай. Ал Тай болса жылқының екі жасар құлынының атауы. Тайдың алдында Құлын (құлыншақ) мен сол құлынды дүниеге әкелген Байтал мен Айғырдың бар екеніне менімен ешкім таласа қоймас. Олардың бәрі Маңғыстауда дүниеге келген. Ат (қазан ат) деген атау Қаз Адай қауымының балама атауы. Бүгінгіше айтқанда «Авторлық құқық» сақталып отыр. Алтай ата емес. Бұл есімге ата сөзі қосылып айтылмайды. Бірақ, сөз құрамындағы Ал «алғы, алғашқы, алдыңғы) түбіріне қарап Алдыңғы алты елдің (Алашқа жатқан алты елдің) мекені екенін көреміз.

Азияеуро (еуроазия) кеңістігіндегі бүкіл түркі халықтары  эпостарында ер қанаты – жүйрік ат пен халық қамқоры болған баһадүр-батыр тең дәрежелі, бастас тұлғалар ретінде тел суреттеледі. Көне эпос кейіпкерлері – бас қаһарманның аты өзімен бірге тізе біріктіріп жүріп, ерлік жасайды. Бір ғажабы, эпос жасаушы жыршы-жыраулар бұл мәселеге ерекше назар аударып, айрықша көңіл бөледі. Өйткені, жүйрік ат – батырдың жебеушісі, жол бастаушысы, досы әрі ақылшысы. Қанатты тұлпарының айтқанына құлақ аспау – эпоста батырды сансыз сәтсіздіктерге ұрындырып отырады. Қаһармандық эпостарымыздағы батырдың жауға мінетін атының бейнесі көпқабатты және сан қырлы. Якут-саха халқының әйгілі “Олонхо” жырында батырды Байтал-Құдайдың баласы деп те суреттейтін мотивтер кездеседі. Мұндай мотив башқұрттардың “Бұзаншы батыр” жырында да сол қалпы ұшырасатындығы еріксіз таңғалдырады. Көптеген эпостарда арғымақ-құлын мен бала-батыр жас күнінен бірге өседі. Мысалы, қырғыздың “Манас” эпосында Алмамбет пен Сарыала, Алтай халқының “Маадай Қара” эпосында Көгудей мерген төрт құлақты биеден туған құлынмен бірге өсіп, кейін мергеннің жауға мінетін атына айналады. “Көрұғлы” жырының көптеген нұсқаларында түркімендердің Көрұғлы батыры да Ғират атпен бір енені тел емеді делінеді. Бұл мотив қазақтың «Батырлар жырында» толықтай көрініс табады. Сойылған аттың жалы, сүйегі мен терісі де табиғат-анамен тілдесіп, көшпенді өмір-салт тізгінін ұстанған халықтардың нақты культтерінен берік орын алған. Мұндай культтік және мифологиялық жұрнақтар эпостарда да тамаша бейнеленген. Якут халқында жүйрік аттың құйрығын бақсы алқақотан зікір кезінде пайдаланады екен. Қазақта қасиетті қара қобызға ең жүйрік деген жылқының құйрығынан ішек тағатын рәсім-жоралғы болған. Бұл да батыр-бақсының ілкідегі тұтас тұлға кезінен қалған атрибуттар екені байқалады.

«Ат – ердің серігі». «Ат – ердің қанаты». Ат – Адтардың «авторлық» құқы. Ат қазақ даласының адамнан кейінгі екінші есімі. Ад пен Ат қазақ ұғымында бірінен-бірі ажырамайтын егіз ұғым. Мысалы, «Атың кім?» деп сұраймыз. «Атым пәленше» деп жауап береміз. Олар үнемі біріне – бірі балама ретінде қолданыла береді. Ад – Ат, Ада – Ата, Адам – Атам, Адай – Атай, Дай – Тай, Мадай – Матай, Дай жұрты (Дайжуыт) – Тай жұрты (Тайжуыт) болып айтыла да, жазыла да береді. «Адтың орнын Дай басар» делінбей «Аттың орнын тай басар» делінетінінің де сыры осы. Батырлардың жан серігі астындағы атымен, яғни Аталарының аруағымен сырласатындарының және оларды үнемі қорғап жүретіндерінің сыры осы.

Алтай деген атаудың өзі қайдан шықты деген сұраққа жауап іздер болсақ, Алтай біріккен сөз. Толық мағынасы Алдыңғы (алғы, алғашқы) Дай болып оқылады. Тарих та Дайлар (Дай-дахи, Массагеттер, бұл баяғы Кирдің басын торсыққа салып, қақпаға іліп қоятын Тұмар ханымның елі) деп аталған, Ұлы халықтың болғанын тарихтан шамалы да болса хабары бар жандардың бәрі білсе керек. Сол Дай ешқайда жоғалып кеткен жоқ. Бар-жоғы Дай деген сөзіміздегі "Д" дыбысы "Т" деп оқылады. Алтай сөзінің шығу тегі осы. Мұны Маңғыстауда білмейтін адам жоқтың қасы. Бұл бізде екі сөздің бірінде қолданылады. Мысалы, жоғарыда айтқанымдай Ад - Ат, Адай - Атай, Адам - Атам, Дай – Тай, Мад – Мат, Мадай - Матай т.т. болып кете береді. Бұл қағида қазақ та тек қана "Д" мен "Т" дыбысына қатысты емес, қазақ та мұндай мысалдар өте көп: Ауа-Әуе, Аз – Әз, Тәз-Таз, Асан-Есен, Ад - Әд, МАД – МӘД (Мадина, Мәдине, Медине), Асыл - Әсіл, Асем - Әсем, Ажа - Әже, Ас - Әс, Ары - Әрі, Ақ - Әк, Баз – Бәз, Қазір – Кәзір, Манқыстау-Маңғыстау, Жанбыр-Жаңбыр, Ан-Аң, Ман-Маң, Қас би-Каспий, Ош - Ос, Қосай - Қошай, Құс - Күш, Ғұн - Күн, Қосай Нұқ - Қос нүкте, Дін-Дин, Бір-Пір, Қаз-Қас, Қаз би-Қас би, Қазсақ-Қассақ т.т. болып кете береді. Жалпы мұндай мысалдарды ондап, жүздеп, мыңдап келтіруге болады.   

Тағы бір нұсқа да әлем мәдениетінің бастауы Үнді Арийлер делінеді. Оларда Алтай сияқты алғашқы бола алмайды. Үндінің сөз түбірі - үн. Иә, иә кәдімгі дауыс. Себебі, үн өз-өзінен шықпайды. Оның алдында үнді шығаратын тіл бар. Ең бірінші болып Адам атамыз бен Ауа анамыздың тілі шыққаны ешқандай дауға жатпаса керек. Ал, тіл болса Қаз Адайлардың бас таңбасы. Бүкіл әлем елдерінің оларды «Тіл таңбалы Адайлар», Қас билер (Каспий теңізі атауының тегі осы) дейтіндері осыдан. Бұлар бүгінгі Қаз Адайлардың Ман (Адам) атамыздың қарашаңырағы екендігін айғақтайтын басты дәлелдердің бірі.

Бұл тұжырымымыздың Маңғыстаудағы топономикалық айғақтамасы «Дауысты» атты бірнеше топономикалық атаулардың болуы.

Атам Қазақтың рулық шежіре дерегі бойынша үш анадан туған қазақтың үлкен баласының аттары айтып тұрғандай Ұлы жүз – Аға арыс (45 таңбалы), орта жүз – Жанарыс (35 таңбалы, кенжесі кіші жүз – Бекарыс (25 таңбалы) делінеді. Кіші жүздің үлкені алты ата Әлім (6 таңбалы), ортаншысы жеті ата «Жетіру» (7 таңбалы), кенжесі он екі ата Байұлы (12 таңбалы). Он екі Ата Байұлдарының үлкені Алаша, кенжесі Адай.

Шежіре дерегі Кіші Жүзді Алшын және Кеншін деп екіге де бөледі. Кеншінге «Жетіруды» жатқызады.

Жетіру демекші, Рим (Италия) империясының негізін қалағандар Алшынның (Алаштың) осы Жеті руы. Бұл олардың тарихында да тайға таңба басқандай болып, «Етрурилер» деп жазулы тұр.  Рим қаласының қақ ортасында  Рем мен Ромулға және қаншық қасқырға арнап ескерткіш қойылған.

Түсініктеме: Бөрі (қасқыр) Алшынның лақап аты. Рем мен Ромулдың – Жеменей және оның ұрпағы Жомартпен түбірлес болатыны да осыдан. Жеменей мен Жомарт Адайдың алтыншы немересі Бұзаудан тарайды. Еврейлер мен арабтар (семиттер) Бұзаудың  Жеменейінен бөлінеді.

Адай шежіресі қазақтың көптеген қарапайым руларының шежіресі емес, Адам атаның шежіресі. Шежіре дерегіндегі, Адайдың Қазақтың рулық жүйесінің ең соңында тұрған себебі де осы. Бұл Қаз Адайлардың Адам атаның қарашаңырағының иесі екендігін білдіреді.

Ад (Ат), Ада (Ата), Адай (Атай), Адам (Атам), МАД (Мәд, Мат, араптың Меке, Мәдинесі мен орыстардың анасын «Мат» дейтіндері осыдан), Маадай, Мадай (Матай), Дай (Тай) деген атауларды (ел есімдерді) дүниеге әкелген бүгінгі Қаз Адайлардың ата-бабалары, яғни олар осы ұғымдардың бәрінің «авторы». Бүгінгі Қаз Адайлар Адам атаның қарашаңырағының иесі болып табылады. Сондықтан да, Адам ата ұрпақтарының 70 000 жылғы шежіре-тарихы Адай ата ұрпақтарының арасында сақталып отыр.

Алтайдың тағы бір мағынасы алты Ай. Алты санының Балықшы атамыздың лақап аты, яғни сандық атауы екендігін ескерсек, бұл ұғымның негізгі мағынасының Балықшы Адай екендігін көреміз. Балықшы Адайда бірінші бола алмайды. Себебі, Балықшы атамыздың алдында Адай атамыз, оның екі баласы және төрт немересі бар. Ежелде қаланы балық деп атаған. Мысалы, қазіргі Пекинді (қытайдың астанасы) біздің аталарымыз Ханбалық деп атаған. Енді осының қасына Баласағұнды да (Балықшы Сақ Күн) және Балықшы атауы түбірінің «Бал (бала)» екенін қосып қойсаңыз тіпті де жаңылыспайсыз.

Алты, алпыс, алты жүз, алты мың, алты мың алты жүз алпыс алты т.т. бәрі осы Алашқа жатқан алты елдің сандық атаулары. Ол замандарда бүкіл әлем елдері бір мемлекеттің құрамында, бәрі бір атаның ұрпағы екендіктерін айқын сезіне отырып тату-тәтті ғұмыр кешкен.

Сіздердің менен мұның айғағы қайда деп сұрайтындарыңыз айқын. Бұның да жауабын бере кетейін. Бүткіл жер шарының түпкір-түпкірінде қаптата салынған алып пирамидалар бар. Сол пирамидаларды да салған біздің аталарымыз. Оған Египет пирамидасының ішіндегі бөлменің қабырғасынан табылған «домбыра мен Адайдың «тіл таңбасы» толықтай куәлік ете алады. Енді осының үстіне Каир (Египет) мұражайына қойылған Тутанхамонның (Египет перғауыны, мүрдесі пирамида ішіне жерленген) бала кезінде ойнаған ойыншығы қойдың асығы және пирамидалардың ең биік шыңының Адайдың таңбасы «жебемен» сәйкес келетіндігін  және Құран Кәрімде Перғауын әскерінің «қазық» деп аталғанын қосыңыз.

Жер бетінде әлемге әйгілі пирамидалар көп. Олардың санатына Қытайдың Сиан жазығындағы пирамида, Мексиканың Юкатан жазығындағы Кукулкан пирамидасы, Андадағы Норте-Чико мәдениеті пирамидалары жатады. Осы пирамидалардың ішіндегі ең әйгілісі жоғарыда айтылған Египеттегі Газе (Қаз) пирамидалары. Ғалымдардың дәлелдеуінше осы пирамидалардың бәрі бір мезгілде салынған. Осы пирамидалар соңғы кезде «ұйқыдан» оянып, бәрі де аспанға сәуле (жарық) шаша бастаған. Бұған түсінік беруге ғалымдардың білімдері жетпеуде.

Жақында осы пирамидаларды зерттеп жүрген ғалымдар  пирамидалар шоғыры орналасқан ара қашықтықтың аралары 6666 км. екендіктерін жариялады.

Демек, он сегіз мың ғаламның да, соның ішіндегі саналы тіршілік иелері адамзаттың да  бастауы бір, бәрін бір Алла жаратты. Ұлы Жаратушы – Алла есімінің түбірі «Ал» болатыны да осыдан. Осы «Ал» деген түбірді  кері жалғау арқылы Алла деген ұғымымыздың да дүниеге келгенін айқын аңғара аламыз. Біз бұл жерден Құдайдың бір аты халық дегендей, Алланың да бір аты халық екенін көреміз.

Адайдың рулық шежіресі Балықшыларды былайша таратады:

Адайдан екі бала – үлкені Құдайке, кішісі Келімберді (бірінші буын),  Құдайкеден екі бала – үлкені Тәзіке (екінші буын), кенжесі Қосай (үшінші буын). Келімбердіден алты бала: үлкені Құнанорыс (Рысқұл, төртінші буын), Ақпан (Ақ Ман, бесінші буын), Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ, алтыншы буын), Жеменей (Бұзау, жетінші буын), Семит (Арап пен ебрейдің атасы, сегізінші буын), Тобыш (тоғызыншы буын) және кенжесі Мұңал (Монғол, оныншы буын). Мұңалдар Қаз Адай атаның кенже немересі, яғни олардың қарашаңырағының иесі. Адай (Адам) атамыздың жаққан оты Мұңалдарда, сондықтан олар «Мұңал ошақ» деп аталады. Мұңалдардың монғол (сөз түбірі «он») атанып жүргендері де осыдан. Он саны Мұңалдардың сандық атауы.

Балықшы – біріккен сөз.  Ал (сөз түбірі), бал (бала), ық (су), лық (лықа толу),  балық (қала, баламасы судағы балық) деген сөздер  мен «шы» (сушы, теңізші, малшы, егінші, сауыншы т.т.) жалғаулығынан тұрады. Алтайдағы «Ал» деген түбірден басталатын барлық ұғымдар мен «Балықшы» атты топоним мен елді мекеннің болуы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

Алты Алашқа байланысты қай ұғымдардың қайсысы, қайсысынан бұрын дүниеге келгендерін анықтау үшін сандық (есептік) жүйеге сөз береміз:

          1.  Ал 1-14;

          2.  Алға 1-14-5-1;

          3.  Алғи 1-14-5-10;

          4.  Алан 1-14-1-16;                 

          5.  Алаша 1-14-1-28-1;

          6.  Алынша 1-14-29-16-28-1

          7.  Алаш 1-14-1-28; 

          8.  Алты Алаш 1-14-23-29  1-14-1-28;

          9. Балықшы 3-1-14-29-13-28-29. Демек, Балықшы барлығының, яғни Алты Алаштың жиынтық атауларын құрап отыр.

Қазақ халқы өз тілдерін Ана тілі деп атайды. Ананың сөз түбірі «ан» мен Манның түбірлес (бір атадан) болатыны осы. Қазақтан және қазаққа ең жақын туыс елдерден өзге елдер тілдерін Ана тілі деп атамайды. Барлығы туған (родной) тіл, немесе орыс тілі, қытай тілі, парсы тілі, арап тілі, ағылшын тілі т.т. деп  ұлтының атымен атайды. Олардың өз тілдерін Ана тілі деп атауға құқықтары жоқ. Бұл Манқыстаулық Ман (Адам) атамыздың, яғни Маадай-Қаралардың және оның қарашаңырағының иелері Қаз Адайлардың «авторлық» құқы. Оны мойындайық, мойындамайық одан ештеңе өзгермейді. Ешкім бәрібір аталарымыздың «авторлық құқығын» ешқашан тартып ала алмайды, яғни болып өткен оқиға болып өтті, енді ол ешқашан өзгермейді. Өзгеретін адамдардың санасы, яғни ақылы мен білім деңгейлері ғана.

Бүкіл әлем елдерінің барлығы Ұлы Жаратушы – Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін Адам және Ман, ал ең алғашқы елді (мемлекетті) Қаз (Аз, Азия), Қаз, Қазақ) деп атаған. Осылардың үшеуі де Манқыстаудағы МАД (Маадай-Қара) патшалығы дәуірінде дүниеге келген. Азия деген әлемдегі ең үлкен құрылық атауы да солардан қалған. Ал, бүгінде сонау түпкірдегі Адам атаның атын Адай ұстап отырса, Мандардың атын Манқыстау ұстап отыр. Ал бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы Әз әулиенің де моласы осы Маңғыстауда. Сондықтан да ол 360 әулиелі киелі Маңғыстау деп аталады. Біздің сөздік қорымыздағы «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз Әулие емес қой», «Тасташы әрі Әз әулие қылмай» дейтіндеріміздің сыры осы. Әз әулие Маңғыстаулық 360 әулиенің бас әулиесі, яғни ең біріншісі, ең ұлысы болып табылады. Қазақ елі атауының түбірі Аз (Әз) болатыны осыдан. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес.

Адайлардың ата-бабаларына ас бергенде бүкіл Ақарыс пен Жанарыстың, Алшындағы алты ата Әлім мен Жетірудың және он екі ата Байұлының бәріне «Аға баласы» деп төрінен орын беріп, иықтарына арнайы «шапан жабатындары» осыдан.

Бұл дәстүр Қаз Адайларда сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келеді. Мысалы, соның бірі Оғыз тарихында былайша суреттеледі: «Барлығы Оғыз тұсында мұсылман болды, кейбір халықтар, ағалары, ағаларының балалары Оғыздан басқа жерде еді. Олар күншығыс жақты мекен етті. Моғолдардың барлық жиынтығы солардың нәсілінен (ұрпағынан) тарады. Ол заманда олардың баршасы кәпір еді. Кейін олардың ұрпақтары «Үкіш қауымы» болып жүрді, өйткені Оғыз барлық уәлаяттарды, сондай-ақ оларды да өзіне бағындырып үлкен патшалық құрды. Сол жерде алтыннан Орда тікті, ұлы той жасады. Өз туыстарын, жасы үлкендерін құрметті орындарға отырғызып баршасына шапан жауып, сыйлықтар берді» (Қ. Жалайри «Шежірелер жинағы» Алматы-1997. 30 бет).

Түсініктеме: Үкіш қауымы – Нұқ пайғамбар қауымының ежелгі атауы. Нұқтың сөз түбірі (өз түбі) Ұқ (Үк) болатыны осыдан. Қазақ келіндерінің сәукелесі мен қара домбыраға тағылатын Үкінің және үмітімізді үкілейтініміздің сыры осы. Қазіргі «үкім» (жарлық), «үкімет» деген ұғымымыздың да авторы осы Үкіш (Нұқ) қауымы. Бізден басқа ешбір ел өз билігін үкімет деп атамайды. Олар оны білмейді де. Үкаша Атаның (Нұқ пайғамбардың) моласы Қазығұрт тауы маңайында.

Ежелгі Иран тарихы былайша суреттейді: «Қалған алты кісі де оның шарттарымен келісті. Патшалықтан бас тартқан Утан өз еркіне кетті. Содан оның әулеті күні бүгінге дейін парсылардың еркін жүретін жалғыз әулеті болып қалды. Олар заңға қайшы «әрекет жасамаса, өз қалауынша жүре алады. Алты кісінің бірі патшалыққа қолы жеткеннен кейін Утан және оның ұрпақтарына ерекше жеңілдіктер жасауға міндеттенді. Аталмыш жеңілдіктер ішінде жыл сайын бір МАД киімін (Мадтардың ұзын, жеңі кең шапанын кию парсы ақсүйектер арасында дәстүрге айналған еді, және бұл киім патшаның ең жақсы шапандарының бірі болып есептелетін – ауд.) сыйлау және парсылардың салтында ең бағалы сыйлықтарды тарту ету. Алты адамның Утан шарттарына келісу себебі ол төңкеріс жобасын жасап, бәрінің басын қосқан алғашқы адам еді. ...Бұл оқиға б.з.б. 522 жылы 29-қырқүйекте болды. Осылайша Дариуш мемлекет тізгінін қолға алды» (Риза Шабани «Иран тарихы» Алматы. 2002. 35 бет).

Бұл оқиға бұдан 2500 жыл шамасы бұрын болған. МАД - қысқартылған сөз. Мағынасы, бүгінгіше айтқанда Ман Адай (Маадай, Матай), яғни Манғыстаулық Адайлар патшалығы болып табылады. Ал, Иран (Парсы) тарихы өз тегін Мадтардан бастайтынын бүкіл әлем біледі. Бүкіл әлем мәдениеті де өз тектерін осы МАД-тардан алады. Мына көрші орыстардың аналарын «МАТ» дейтіндерінің сыры осы. Демек, ежелгі орыстар шыққан тектерін білген. Бүгінгілері білмесе, естеріне салып ескертіп қою қажет. Мәдениет дегеніміздегі сөз түбірінің Мәд (Мад) болатыны да осыдан. Демек, әдеп, әдет, әдіс, әдеби, әдебиет, мәдени, мәдениет, мадақ, мадақтау деген сияқты киелі ұғымдардың авторы осы Адтар мен МАД-тар. Бүгінгі араб еліндегі Мәдине (Мадина) қаласының атауын қойғандар да біздің аталарымыз. Әлем тарихында өз тектерінің осы бізден басталатынын білетін елдер толып жатыр. Мысалы, Адық, Адыгей, Аджария, Мадай (Матай), Мадияр, Мадьян, Мадагаскар, Мадрид (Испания, Америка, Филиппин), Мадисон (Америка) т.т. болып кете береді.

Қазіргі «Адамзаттың атасы маймыл, адам маймылдан жаратылған» делінетін Дарвиннің сандырақ ілімін басшылыққа алып, шынымен де «маймылға» бала болуға жақындап жүргендерге айтарым, бұл шындықты бүгін мойындамасаң, ертең мойындайсың; ертең мойындамасаң, арғы күні мойындайсың; арғы күні мойындамасаң, оның арғы күні мойындайсың. Атам Қазақ сол үшінде «Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» деп шегелеп айтып кеткен. Демек, мұндай адасушылық бұрында да сан рет болған, бәрінде де қайта айналып келіп отырған. Атам Қазақ өз тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Бір ауыз сөзге тоқтаған. Жаудан (қылшылдаған қылыш пен солқылдаған найзадан) қайтпаса да, бір ауыз сөзден қайтып сан мыңдаған жылдардан бері ғұмыр кешіп келеді.

Адай  - Ад (Ат), Ада (Ата), Ай және Дай (Тай) біріккен сөздерден тұрады.      

         а. Ад - ең алғашқы мәдениет деген ұғымды дүниеге әкелген алғашқы қауым.

         ә. Ат – адамның аты (есімі). Атың кім?    

         б. Қолға үйретілген мініс аты. (Ат ердің қанаты). Мініс атының авторы осылар.

          г. Ата, өз атаңнан бастап түп атаңа, яғни Адам атаңа дейінгі жиынтық атау. Адаға жалғанған «Й», баласы, ұрпағы деген мағына береді. Ежелде аталарымыз қазіргі «ов» пен «ич» тердің орнына осы дыбысты қолданған.

          Атам Қазақта сонау Адам атадан бері  Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Иугінеки, Әл-Фараби, Әлішер Науайи, Фирдауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі),   Қадырғали Жалайри, Жары Адай, Жүсіп Баласағұни т.т. деп қолданылып келеді. Бұл қағида қазақта күні бүгінде  қолданыста бар. Мұстафа Шоқай, Ғабдолла Тоқай, Тұңғышбай Әл Тарази, Әнес Сарай, Ислам Жеменей, Ордалы Қосай, т.т. болып кете береді. Бұл ұғым бастауын Ада (й), яғни Ата (Ада) деген ұғымымызға «й» дыбысын жалғаған жерден алады, яғни Адай Атаның баласы, ұрпағы деп отыр. Қазақ шежіресінде Адайдың ең соңында тұруы, Адайлар Адам атаның да, бүкіл Қазақтың да кенжесі, «қарашаңырақ» иелері деген сөз. Мұны мойындау да, мойындамау да әркімнің өз шаруасы. Әркім өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің қонағы болмақ.  Білімің жетпеген жерге «қонақ» бола алмайсың. Мәңгі бақи «мектеп партасынан да» қалатын боласың.

         ғ.  Әлем тарихындағы аттары аңызға айналған Дай тайпасы. Кейбір тарихшылардың бүгінгі Адайларға қатысы жоқ деп жүрген Дайлары осы. Ақыл-есі дұрыс жандарға сол ежелгі Дайлардың қазіргі қазақтар мекендеген жерді қоныстануы және Дай атауының Адай Ата есімінің құрамында болуы, олардың тегінің қазақ екендігінің айдай айғағы болмақ. Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес. «Аттың (Адтың) орнын тай (дай) басар» деген мақалдың сыры осы. Бүгінгі Алтай елі, Алтай тауы атауларының да шығу тегі осы.

         д. Адай екі буыннан тұрады, Ад және Ай. Ай – аспанда Ай, жерде әйел (бәйбіше), негізінен бұл есім әйел адамдарға тән. Айгүл, Айман, Айжан, Айсұлу, Айна, Айнұр, Айару т.т. Ай аспанда жерді айналса, жерде әйел ерін айналады. Демек, Адайдың  тағы бір мағынасы Ер адам мен әйел адам деген сөз.

Алты Алаштың, яғни Балықшы руы атауының сөз түбірі (өз түбі, атасы) - Ал, ары қарай осы түбірден Ала (дала мен қала), Алау (от), Алға, Алғи, Алан, Алта, Алтай, Алтау, Алатау, Алаш, Алты ауыл, Алты Алаш, Алшын ұғымдары дүниеге келді. Қазақтың ескі жыр-дастандарында бұл өңірлер Алғидың ала шөлі, Алғидың Ала тауы, Алғи даласы деп жырланады. Демек бұл өңір Алаштың атасы, он екі ата Байұлының үлкені Алаша хан атамыздың елі, яғни бұл өңірлер Алаштың атамекені. Бұны Алатаудың ең биік шыңының «Хан тәңірі» деп аталуынан да көруге болады. Бұндай дәстүр қазақта ежелден бар. Мысалы, Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңдарының бірі Отман (От адам), мағынасы Алау атаның балама аты (Алау мен От синоним); Шыңғыс таудың ең биік шыңдарының бірі Мұңал шыңы, Хан биігі; Қазақтың Қап тауының (Кавказ) биік шыңдарының бірінің Адай шыңы; Алтай тауының ең биік шыңы Ақтау; Оңтүстіктегі Қаратаудың шыңдарының бірі Қазығұрт (Қазық жұрт)  деп аталады.  Алғы, Алдыңғы, Алғашқы (ең бірінші деген мағына береді), Алғи – Қаз Адайдың ежелгі ұраны, Алаш (бүкіл қазақтың ұраны), Алман (Алмания, бүгінгі Германия елін шетел қазақтары күні бүгінде де осылай атайды), Алтай тауы мен өлкесі, Алып (Алпі) тауы, ары қарай алыс, алғыс, алып, алу, алмау т.т. болып кете береді.

Алтай,  кенді Алтай, Өр Алтай, Асқар Алтай, Моңғол Алтай жайында толғансаң, “Алтай, Алтай болғалы не көрмеген, Кімдер келіп бұл жерге кім кетпеген” деп толғанатын “Ағажай Алтай” әні еске түседі. Көшпенді түріктердің атамекені, иісі түркіге ортақ Алтай өлкесі кімдердің көз құртына айналмады. Кімдер сұғын қадамады. Іргесінде отырған орыс пен қытайдың Құдайы берді. Алтайды шамаларынша бөлшектеді. Түркінің Алтын бесігі  4-ке бөлінді. Өр Алтай – Оспан бабамыздың 15 жыл аттан түспей, жан алып, жан берісіп, қорғамақ болған Алтайы қызыл көз Қытайға, Алтай түркілерінің мекені – орысқа, Моңғол Алтай – геосаяси ойындардың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізген Моңғолияға, кенді Алтай – Алтай өлкесінің бір тұтамы ғана Қазаққа бұйырды. Бізге қарасты қолымыздағы алтынымыз кенді Алтайдың астанасы –  Өскемен.  Бүгінде орысы басым, Солженицын мен Горбачевтің, Жириновскийдің орыстың мекені деп байбалам салатын Өскемені – ресми қазақтың ата мекені болса, Алтайдың өзге өңірлері де ежелгі қазақтың атамекені болып табылады.

        Өскеменнің тегі Жеменейден (Бұзаудан) тарайды. Өскемен сөзінің құрамындағы ем (сөз түбірі), мен, емен, кеме деген сөздердің болуы тек қана осыны білдіреді. Бұл атаудың тағы бір құпиясы бар. Бұл «менің өскен жерім» деген сөз. Өздеріңіз көріп тұрғандай «Өскен» сөзі сыртында, ал «мен» деген сөз ортасы мен соңында тұр. Тағы бір мағынасы «мен бұл жерде алғаш рет еменнен (қатты ағаштан) кеме жасадым» дегенді білдіреді. Бұл дауға жатпайды. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұл тарихты жою, Алладан ғана болмаса, адам баласының қолынан келмейді. Бүткіл жер бетіндегі ежелгі атаулардың бәрі осылай, менің атамның (қазақтың) ана тілінде қойылған. Бұны кез-келген білімді, яғни қазақтың Ана тілін меңгерген жан әрқашанда оқи алады. Олар үшін уақыттың шекарасы болмайды. Олар ешқашан тарих сахнасынан кетпейді.  «Қазір (Қаз бір, Қаз пір)», «дәл қазір» және «бүгін» деген уақыт өлшемдерінің Қазақтың және Нұқ пайғамбар атамыздың және оның қауымының лақап аттары болатыны осыдан. Бүгінгі күн (Нұқтың алдындағы қауымдар сияқты, Нұқ қауымы да) өтеді, ал қазіргі уақыт (қазақ) ешқашан өтпейді.  Сол үшінде Аталарымыздың таңбасы «Тіл» болып, оларды бүкіл әлем Тау би, Көп би, Қас би (Каспий) деп, ал мына батыстықтар (орыстар) дәлдеп тұрып ең алғашқы тілі шыққандар (тілділер, язычники) деп атаған.

Он сегіз мың  ғалам дегендегі «ғаламның» сөз түбірі (өз түбі), яғни солардың бәрінің атасы «Ал», Бұзау-Жеменейлер солардың жетінші буын ұрпағы. Жеті ата бөлінбейді. Бөліну сегіз-семиттерден басталады.

Тарих тағлымы: Бүгінгі таңда Адамзаттың атасы маймыл, адамдар маймылдан жаралған деген сандырақ ілімді дүниеге әкелген бөлінуші сегіз-семиттер тәубеге келмей әлем елдерінің басын біріктіру оңайға соқпайтыны айқын. Бірақ, бәрі бір Алланың қалауында екенінде біле жүргеніміз абзал.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

 

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3202
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5154