БЕЛОРУССИЯ МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН ЗАҢСЫЗ ТЕМЕКІ ТАСУДАН АЛДА КЕЛЕДІ
Халықаралық Nielsen зерттеу компаниясы 2015 жылы Ресей аумағына заңсыз жолмен темекі тасымалдау жағынан Белоруссия алға шықты деп санайды.
«Известия» газетінің жазуынша, бұл елге Ресей аумағына контрабандалық жолмен жеткізілген темекі өнімінің 30,8% тиесілі (тағы 3,5%-ы белорус тық заңсыз өнімнің үлесінде). Сарапшылардың есебінше, бұл Ресейдегі темекі нарығының 1% құрайды.
Заңсыз темекі өнімін жеткізуден екінші орында Қырғызстан тұр. Оның еншісінде 8,19%, үшінші— 8,08 % үлесімен Қазақстан тұр. Төртінші орынға заңсыз нарықтың 7,77% иеленетін Украина тұрақтаған.
Nielsen есебінше, заңсыз тасымалдау мен контрафакт өнімдері Ресей темекі нарығының 1% құрайды.
Абай-ақпарат