Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4452 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 09:14

ӨЗБЕКСТАНДА ФЕРМЕРЛЕРДІҢ МҮЛКІН ТӘРКІЛЕУ ЖАЛҒАСУДА

Өзбекстанның Жизақ облысының аттас ауданында мақта мен бидай сату бойынша мемлекеттік тапсырыс пен жоспарды орындамаған, сонымен қатар кәсіпорындар мен банктерге қарыз боп қалған фермерлердің дүние-мүлкін тәркілеу жалғасуда.

«Айбалта» деп аталатын науқан барысында билік борышкерлердің қолында барын тартып алып жатыр.

Жизақ ауданында сот шешімдерін орындау департаментінің қызметкерлері 200-ден астам фермердің мүлкін алып қойған. 

Қауіпсіздігі үшін аты-жөнін атамауды жөн көрген фермер: «Олар фермерлерге сот орындаушылары, әкімдік, әділет және полиция қызметкерлерін қосқанда 7-8 адам боп келеді. Қарыз боп қалған фермердің үйіндегі қолына іліккен заттың бәрін алып кетеді», -деді. 

Жизақ шаруалары мүлікті тәркілеу науқаны жергілікті билікке жақын фермерлерді айналып өтетінін айтып, шағымдануда. 

Биыл Өзбекстанда фермерлердің басым бөлігі мақта мен бидай бойынша мемлекеттік тапсырыс-жоспарды орындай алмады және коммерциялық банктер мен кәсіпорындар алдында қарыз боп қалды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113