Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3651 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 11:19

ИМ ТОБЫ АДЕНДЕГІ ШАБУЫЛДЫ МОЙНЫНА АЛДЫ

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Йеменде Аден қаласы губернаторы Жафар Мохаммед Саад пен оның алты оққағарын мерт қылған шабуылды өз мойнына алатыны туралы мәлімдеген.

Губернаторға шабуыл бүгін таңертең, ол қызметке кетіп бара жатқан кезде жасалған деп хабарлады Йемен қауіпсіздік қызметі.

Сауд Арабиясының қолдауына сүйенген Йемен үкіметінің әскері биыл жазда Аден қаласын шиит көтерілісшілері - хуситтерден азат еткен. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мен «Араб түбегіндегі әл-Қаида» ұйымы Йемендегі жанжалды осы елдегі өз позицияларын нығайту үшін пайдалануға тырысып келеді.

5 желтоқсанда Аден қаласында жасалған шабуылдан сыртқы әскери барлау полковнигі Акил әл-Ходр мен «Әл-Қаида» содырларына үкім шығарған судья Мохсен Алван қаза тапқан.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441