Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4349 0 пікір 16 Мамыр, 2016 сағат 17:29

ИСЛАМ КАРИМОВТЫҢ КІТАПТАРЫ МАКАЛАТУРА МА?

Өзбекстанның Сурхандария облысының мектеп оқушыларынан макулатура жинауды талап етіп отыр. Онымен қоса, оқушылар мектепке Ислам Каримовтың екі кітабын алып келу керек екен.

Өзбекстанда совет дәуірі кезінде көсем болып саналғандардың жазған кітаптары бүгінде макулатураға айналған. Олардың орнында президент Ислам Каримовтың кітаптары төрде тұрады.

–Мектепте бізге Каримовтың кітаптары шыны сөрелерде тұру керектігін айтады. Ол кітаптарды біз сатып алып, мектепке әкелуіміз керек екен. Ол кітаптар мектепте қалады. Неге біз сатып алуымыз керек, неге мұнымен білім министрлігі айналыспайды, - дейді Сурхандария облысының мектеп оқушысы.

Құқық қорғаушылар болса, мектеп оқушыларын макулатура жинауға мәжбүрлеу заңға қарсы дейді. "Бұл оқушыларды сабақтарын оқуға кедергі келтіреді. Балаларды макулатура және темір жинауға мәжбүрлейді немесе олардың орнына ақша әкеліңдер дейді, мұның бәрі қазіргі өзбек билігінің жасап отырған бопсалаушылық әрекеті", – дейді тәшкенттік құқық қорғаушы Сурат Икрамов.

Микрофонсыз әңгімелесу кезінде Сурхандария облысы орта мектептерінің мұғалімдері тапсырманың бәрі жергілікті әкімдіктен келетінін айтады. Өз кезегінде әкімдіктегілер бұйрық министрлер кабинетінен келген дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502