Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 6117 1 пікір 16 Мамыр, 2016 сағат 10:33

ЕНДІ MADE IN KZ ТАҢБАЛЫ АЯҚ КИІМ ТОПТАМАСЫН КҮТЕМІЗ

Қазақстандық Lenazh.com интернет-дүкені «Жетісу» фабрикасымен бірлесе отырып жаңа жоба – тұтынушылардың барлық тобына арналған аяқ киім өндірісін іске қосты.  Өндіріс Алматы қаласында орналасқан. Ал оған қажетті шикізаттар ТМД елдерінен және Еуропадан тасымалданады.


Сонау 1931 жылы негізі қаланған «Жетісу» аяқ киім фабрикасы бір кездері Қазақстандағы аяқ киім өндірісінің жетекші кәсіпорны болатын. Уақытша тоқыраудан кейін  фабрика негізінен тапсырыспен өнім шығаруға көшті. Оның ішінде әскери өнеркәсіпке, түрлі мекемелерге арналған аяқ киімдер бар. Өйткені, жалпы тұтынушыларға арналған аяқ киім шығару үшін бәсекеге қабілетті болу қажет. Ал, іргедегі Қытайдың өнімдері тұрғанда, олармен бәсекелесу кәсіпорынға қиынға түсетіні аян. Сондықтан фабрика басшылары нарыққа бейімделудің басқа жолдарын іздестіруде.

Таяуда  Lenazh.com интернет-дүкені мен «Жетісу» фабрикасы жаңа жобаны қолға алды. «Біз өндірісті ер адамдарға арналған модельді аяқ киім коллекциясынан бастауды жөн көріп отырмыз. Әрбір модель ең биік сапаға лайықталады. Біздің жас дизайнерлер заманауи сән үлгілерін назарға ала отырып, әрбір аяқ киім моделін айрықша етіп жасауға бар күштерін салады. Мақсатымыз осы.  Одан бөлек, дизайнерлер әрбір аяқ киім үлгісін өздері тұтынып көреді.  Бұл сән үшін ғана емес, тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін әлем өндірісінде кеңінен таралған тәжірибе», – дейді Lenazh.com интернет-дүкенінің негізін қалаушы Жәнел Бертаева.

Бұдан былай аяқкиімдер Made in KZ таңбасымен сауда дүкендеріне шықпақ. «Біздің өнімдерді қазақстандықтар қалай қабылдайтыны және ынтымақтастаса отырып жасаған жұмыстың нәтижесін көру біз үшін қызықты әрі маңызды.  Егер, барлығы жоспар бойынша орындалып жатса, әйелдерге арналған сәнді топтамаларды өндіруді қолға аламыз», – дейді дизайнер.

Қазіргі таңда, Lenazh.com интернет-дүкенінде аяқ киімдердің әрбір моделінен бір дана сатылымға қойылды. Егер өнім сұранысқа ие болып жатса, жаңа аяқ киім жұптарын дайындауға не бары бес жұмыс күні жұмсалады екен. 

Abai.kz

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5494