Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3468 0 пікір 13 Мамыр, 2016 сағат 09:51

Ресей Түркияның жемісі мен көкөнісіне тыйым салуы мүмкін

Россельхознадзор мекемесі 16 мамырдан бастап карантиндік талаптардың бұзылуына байланысты Түркиядан жеміс пен көкөніс әкелуге тыйым салуы мүмкін.

Россельхознадзор жетекшісінің орынбасары Юлия Швабаускене "Интерфаксқа" берген түсініктемесінде "Осындай шешім қабылдану мүмкіндігі өте жоғары", – деп мәлімдеген. Оның сөзінше, келесі апта басында тексеру қызметі әзірге тыйым тізіміне енбеген жеміс пен көкөніс түрлерін әкелуді тоқтатуды қарастыруы мүмкін.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков12 мамырда Россельхознадзордың бұл әрекетінде ешқандай саяси астар жоғын мәлімдеді. "Россельхознадзор өзінің арнайы жұмысымен айналысады.…Менің түсінгенімдей, ол жерде не үшін екені анық айтылған", – деді Песков.

Қазір Түркия Ресейге жеміс пен көкөністің едәуір түрін сата алмайды. Ресейде мұндай тыйымдар 2015 жылдың қарашасында түрік әскери әуе күштері Сириямен шекаралас ауданда ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін салынды..

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2578
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5481
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4807