Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4342 0 пікір 10 Мамыр, 2016 сағат 14:27

Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртеніп кетті

Алматының ТЖД «101» пультіне 10 мамыр күні 04.37 куәгерден Алмалы ауданы, Абылай хан көшесіндегі Korova Bar кафесінің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова NUR.KZ хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, өрт сөндірушілердің алғашқы тобы жеті минуттан кейін, яғни 04 сағат 44 минутта оқиға орнына жеткен.

Анықталғандай, тұрғын үйге жапсарлас салынған Korova Bar кафесін өрт шығып, жеті қабатты үйдің сыртқы беті мен "Юбелейный" дүкеніне тараған. Өрттің аумағы шамамен 800 шаршы метрді құраған. Соған байланысты, қосымша өрт сөндіру бөлімшелері шақырылған. Ал тұрғын үйлердің тұрғындары бірден қауіпсіз жерге көшірілген.

05 сағат 23 минутта өрт ошағында жарылыс болған. Салдарынан өрт тұрғын үйлердің балкондарына ойысқан. Осылайша, алтыншы қабатта орналасқан балкондарға дейін өрт шалған.

Тұрғын үйдің сыртқы жағын сөндіру үшін оқпаны бар иінді көтергіш құрылғылар қолданылған. Тұрғындар үйден газ-түтіннен қорғаушылардың көмегімен баспалдақтар арқылы және терезе арқылы жылжымалы сатылар бойынша сыртқа шығарылған.

Өрттен барлығы жеті адам құтқарылып, 120 адам олардың үшеуі балалар қауіпсіз жерге көшірілген. Газдан уланған бір адам ауруханаға жеткізілген. Ал өрттен жапа шеккен басқа адамдар жоқ.

Оқиға орнына 21 техника мен жеке құтқару қызметінің 115 адамы жұмылдырылған. Өрт таңғы сағат 05:52-де ауыздықталып, 06 сағат 36 минутта толығымен сөндірілді.

Өрттің жалпы аумағы 1100 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406