Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6146 1 пікір 8 Мамыр, 2016 сағат 13:35

РЕСЕЙДІҢ РУБЦОВСКІ ҚАЛАСЫН ҚАЗАҚСТАН КЕРЕК ҚЫЛА МА?

РУБЦОВСК РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУДЫ СҰРАП ЖАТЫР

Ресейдің Алтай аймағының тұрғындары Рубцовск қаласын Қазақстанға қосуды сұрап жатыр,-деп жазады «informburo.kz» порталы.

Ресейліктер Рубцовск қаласында референдум өткізіп, РФ-ның Алтай аймағына қарайтын аталмыш қаланы Қазақстанның құрамына қосуды сұрап жатыр екен. Бұл туралы әуелі алтайлықтар ресейлік БАҚ-та мәселе көтеріпті.  

Бастама көтерген ресейлік белсенділер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына арнайы петицияға қол жинап, Рубцовск қаласы РФ құрамынан референдум арқылы бөлініп шыққан  жағдайда Астана ресейлік қаланың Қазақстан құрамына қосылуын дереу ратификациялауды сұрайды-мыс.

«Аталған бастаманы көтіреп отырған ресейлік белсенділер (аты-жөндері көрсетілмеген – ред.) Қырым референдумынан кейін осындай ойға келу мүмкін. Өзге мемлекеттің бүтіндей бір аймағы Ресей құрамына қосылып кеткен еді ғой»,-деп жазады «Капиталист».

Интернет-журналдың жазуынша Рубцовск қаласындағы қазіргі жағдай көңіл қоншытарлық емес.

Ресейлік интернет-журнал «Капиталистің» деректеріне сүйенсек, қала бюджетінің қара тесігін жамау үшін жергілікті басшылар РФ Үкіметінен 100 миллион рубль көлемінде несие алмақ екен.

Редакциядан: Бұл мақаланы берудегі мақсатымыз қос бірдей экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (Қазақстан мен Ресей)  арасына от тастау емес, ресейлік ақпарат көздерінің Рубцовсктегі жағдайларға қатысты жазған материалын оқырманға ұсыну. Жалпы халықтық референдум өткізу арқылы бір облысты Қазақстан құрамына қосуға болатын шығар. Ондайды ресейлік тәжірбиеден көрген едік (Қырымның РФ құрамына қосылуы – ред.). Бірақ, оның ақыры қандай жағдайларға әкеліп соқтыратынын да ескерген абзал. Әсіресе, қазіргідей экономикалық қысылтаяң жағдайда бұл Қазақстан үшін пайдалы ма? Рубцовск бізге керек пе?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407