Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4505 0 пікір 4 Мамыр, 2016 сағат 11:56

Ресейде Киев-батыр қала ескерткішіне гүл шоғы қойылмады

Мәскеуде, Кремль қабырғасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі үшін батыр-қала атағын алған он екі қалаға арналған мемориалдың Киев қаласына арналған бөлігіне гүл шоқтары қойылмады. Бұл туралы гүл себеттерінсіз қалған ескерткіштің суреттерін жариялаған блогерлер хабарлады.

Осылайша, Жеңіс Күні қарсаңында нацистік Германияға қарсы күресте тұрғындары жанқиярлық ерлік көрсеткен "батыр-қалалар" ескерткіштерінің бәріне гүл қою дәстүрі бұзылды.

Өзге қалаларға арналған ескерткіштердің алдындағы гүл себеттерін ресми орындар қойғанға ұқсайды, дегенмен оны кремльдік қызметкерлердің немесе қалалық шаруашылық қызметтері, болмаса жеке адамдардың әкелгені белгісіз боп тұр.

Кейбір интернет пайдаланушылар мұны Мәскеу мен Киев арасындағы жаулық қатынасты көрсету үшін әдейі жасалған деп бағалады. Өйткені кеңестік батыр-қала есебіндегі, тағы бір украиндық қала - Одессаға арналған ескерткіш гүлсебеттерімен безендірілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377