Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4223 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 08:58

АҚШ: ИМ сапына қосылғандардың саны күрт азайды

АҚШ армия генералы Питер Герстен Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» ұйымының қатарына қосылғандар саны былтыр күрт азайып кеткенін мәлімдеді.

Пентагондағы жиында Питер Герстен былтыр Бағдатта жыл сайын экстремистер қатары мың жарым-екі мың адамға толығып келсе, қазір бұл көрсеткіштің екі жүзге дейін түсіп кеткенін хабарлады. Ол сонымен бірге экстремистер арасында қашқындар санының өскенін айтты.

Генералдың сөзінше бұған шетелдік коалиция күштерінің топтың қаржы көздерін жауып тастауға жасаған әрекеті де елеулі әсер еткен. Содырлардың 20-дан астам шебіне жасалған соққыдан содырлардың 800 миллион долларға жуық ақшалай капиталы жойылған. Герстен ИМ басшылығының жалдамалыларға ақша төлеу мүмкіндігінің төмендеуінен содырлар қатарындағы көңіл-күй нашарлап кеткенін мәлімдеді. АҚШ басқаратын коалиция күштері лаңкестердің шебін 2014 жылдың тамызынан бері бомбалап жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5283