Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 5548 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 11:45

ДЕВАЛЬВАЦИЯ: ДҮКЕНДЕ ТАУАР ТОЛЫП ТҰР, АЛАТЫН АДАМ ЖОҚ!

Қазақстанда халықтың нақты табысының төмендеуі салдарынан көтерме және бөлшек сауданың құлдырауы жалғасуда.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, ҚР халқының нақты табысы тек 2016 жылғы қаңтарда 3,5 пайызға азайған. Бұл туралы 365info.kz сайты жазады.

Тиісінше, 2016 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауданың көлемі де елеулі құлдырады — ол 985 млрд. теңгені құраған, салыстырмалы бағада бұл өткен жылдың тиісті мерзіміндегіден 4,3 пайыз кем.

ҚР Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлағандай,

дағдарыс жұмыс істейтіндер саны 50 мың адамнан астам ірі кәсіпорындар сегментіне қатты соққы берді

Мұнда бөлшек сауданың нақты көлемі 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қатысты бар-жоғы 87,4 пайызды құраған.

Бұған қарағанда, жеке саудагерлердің жағдайы көш ілгері. Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудасының көлемі (оның ішінде, базарда сауда жасайтындардың) өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда, 31, пайызға төмендеген. Айтқандай, жалпы көлемдегі жеке саудагерлердің үлесі 45,7 пайызды құрайды.

ҚР саудасының жалпы көлемінде жеке саудагерлердің үлесі 45,7 пайызды құрайды.


Атап айтарлығы, 2016 жылғы қаңтар-ақпанда республиканың бөлшек саудасындағы неғұрлым үлкен үлес Алматы (30,4%), Астана (11,3%) қалалары мен Қарағанды облысына (9,3%) тиесілі.

Онсыз да көңілісіз статистиканы жалғасып жатқан инфляция ушықтыруда. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, яғни

ресми статистика бойынша, 2016 жылғы ақпандағы тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 102,5 пайызды құраған

Азық-түлік тауаралының бағасы 2,7 пайызға өскен, азық-түлікке жатпайтындары – 1,8 пайызға, халыққа ақылы қызмет – 2,8 пайызға артқан. 2016 жылғы ақпанда өнеркәсіп өніміне өндіруші-кәсіпорындарың бағалары 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,1 пайызға төмендеген.

Сыртқы сауданың көлеміне келетін болсақ, оны екі ауыз сөзбен сипаттауға болады: «толық құлдырау». 2016 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы саудасының көлемі 4319,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда 42,3 пайызға азайған, оның ішінде, экспорт – 2752,8 млн. АҚШ долларына ( 42,6 пайыз аз меньше), импорт 1566,7 млн. АҚШ долларына (41,6 пайыз аз).

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270