НАУРЫЗ БҰҰ-ДА ТОЙЛАНДЫ
БҰҰ тарапынан материалдық емес мәдениет мұрасы ретінде қабылданған Наурыз көптеген дипломаттар мен қонақтардың қатысуымен атап өтілді.
Биылғы мерекелік шара Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстанның тәуелсіздіктерінің 25 жылдығына арналды.
Рәсімде сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Эллиассон Наурыздың БҰҰ мәдени мұра тізімінде екенін еске салып, БҰҰ-да бес жыл үзілістен кейін Түріксой концертін тамашалаудың сәті түскенін айтты.
Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов те Түркия және Бельгиядағы террор лаңкестіктерін айыптап, осы қайғылы оқиғалардың көлеңкесінде Наурыз мерекесін шаттықпен тойлай алмағандарын білдірді.
Баяндамалардан кейін 15 елден келген шамамен 150 өнер қайраткері наурызбен бірге келген көктем ұсынған бірлік, тірлік, сүйіспеншілік пен бауырластықты бейнелейтін өнерлерін көрсетті.
Абай-ақпарат