Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4632 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 11:20

ҚЫРЫМДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ УКРАИН ТІЛІНДЕ ШЫҒАТЫН ГАЗЕТ ЖАБЫЛДЫ

Ресей басып алған Қырымда украин тілінде шығатын жалғыз "Кримська світлиця" ("Қырым жарығы") қоғамдық-саяси, әдеби газеті жабылды. Газеттің 25 наурыздағы нөмірінде бұл басылымның Қырымда жарық көрген соңғы саны екені туралы жазылды.

14 наурызда Ұлттық газет-журнал баспасы бас директорының редакцияны Симферопольден Киевке көшіру туралы бұйрығы шықты. Газеттің қырымдық қызметкерлері мұны әділетсіз шешім деп санайды. Олар «Кримська світлицяның» о бастан «өздері арасындағы бөтендер, бөтендер арасында өздері» болғанын айтады.

Олар биліктен Қырымдағы украиндардың мәселесіне назар аударуын және мемлекеттік қамқорлық жасауын талап етеді. Олардың пікірінше, газеттің тұрақты сұранысқа ие екендігін басылымның сайтына мыңдаған оқырманның кіретіні дәлел. «Фейсбукте» газеттің әлеуметтік желідегі досының саны екі мыңға жететіні туралы жазылған.

Ұлттық газет-журнал баспасы редакцияны Киевке көшіруінің себебі ретінде, басып алынған аумақтағы журналистердің қауіпсіздігіне жауап бере алмайтындығымен түсіндірді. «Кримська світлицяның» Қырымдағы редакциясы екі жыл бұрын ақ тартып алынған. 2015 жылдың мамырынан бері газет электронды түрде шығады.

«Кримська світлиця» Қырымда 1992 жылдан бері шығып келді. 2014 жылы түбекті Ресей басып алғаннан кейін, Қырымның оккупациясына қарсылық танытқан бірқатар украин және қырым татарларының ақпарат құралдары және ресейлік заң бойынша тіркеуден өтпей қалғандары Украинаға көшіп кеткен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061