Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3214 0 пікір 25 Наурыз, 2016 сағат 10:16

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ САВЧЕНКОНЫ БОСАТУДЫ СҰРАДЫ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Ресей президенті Владимир Путин 24 наурызда Сирия мен Украинадағы жағдайды 4 сағат бойы жеке талқылады. Керри Путинмен кездесуді "жемісті" деп бағалады.

РФ СІМ басшысы Лавровпен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында Керри Донбасста оқ атуды тоқтатудың нақты шаралары мен ресейлік сот 22 жылға соттаған украин әскери қызметшісі Надежда Савченконың тағдырын талқылағандарын мәлімдеді. .

Сергей Лавров Ресей тарабының Джон Керриге Савченкоға қатысты өз пікірін білдіргенін мәлімеді. Лавров сонымен бірге АҚШ Украинаға Донбасстағы текетіресті бейбіт жолмен шешуді көздейтін Минск келісімдерін бұлжытпай орындауға кеңес береді деп үміттенеді. Ол Мәскеудің осындай мақсатқа қол жеткізу үшін ДХР және ЛХР басшыларына қысым жасайтынына сендірді

Керри журналистерге сириялық дағдарыс бойынша Путиннің Сирияда саяси өтпелі кезең құру бастамасымен келіскенін мәлімдеді. Ресейлік БАҚ президент Путин әріптесі Барак Обаманың ұстанымы туралы пікір білдіргенін және соның арқасында Ресейдің Сирияда "осындай жетістіктерге" жеткенін айтқаны туралы жазды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387