Сенбі, 23 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 5695 0 пікір 17 Наурыз, 2016 сағат 10:00

НҰРӘЛИ ӘЛИЕВ ҚЫЗМЕТТЕН КЕТТІ

Нұрәли Әлиев Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. «Мен өзімді көп жылдар бизнеске арнадым. Қаржы ісінің қыр-сырын меңгеріп, компанияны одан әрі дамытқым келеді. Бұл менің жақсы көретін ісім. Сондықтан қызметтен кеттім». Қызметтен кетуін Әлиев осылай түсіндіріпті.

 

Анықтама

 

Әлиев Нұрәлі Рахатұлы

1985 жылғы 1 қаңтарда туған. 

Білімі:

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті – экономика және қаржы бакалавры;

Пеппердин университеті – бизнес-әкімшілендіру бакалавры;

Имадек университеті – бизнес-әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолы:

2003 - 2004 жж. – «Қант орталығы» АҚ Халықаралық бөлімі;

2004 - 2006 жж. – «Қант орталығы» АҚ Президенті;

2006 ж. – “Capital Holding” компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы;

2006 - 2007 ж.ж. – «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары;

2007 ж. қазан - 2010 жж.  – «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2008 ж. желтоқсан - 2013 жж.  – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары;

2013 ж. 26 қарашадан бастап – "Транстелеком"  АҚ Басқарма Төрағасы;

2014 ж. 19 желтоқсаннан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары.

 

Бизнес анықтама

Нұрәли Әлиев – 31 жаста. Байлығы: $200 миллион. Қаржы көзі: қаржы, телеком, медиа. 23 жасында Қазақстанның Даму банкінің вице-президенттігіне тағайындалған Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғыштары - Нұрәли «СAPITAL HOLDING» АҚ, «Радио Сити» ЖШС (Hit FM), «Донателло» қонақүйі мен анасы басқаратын «АЛМА-ТВ» АҚ-ның 20 пайыз, «НТК» АҚ-ның 20 пайыз, «Телекрона» компаниясының 50 пайыз акциясына иелік етеді. Forbes тізімінде елдегі ең бай елу адамның ішінде 32-орында тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504