Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4545 0 пікір 15 Наурыз, 2016 сағат 08:58

АТАМБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН ҚАШАН КЕТЕТІНІН АЙТТЫ

Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев өткен аптаның сенбісінде Бішкекте өткен сенбілікке қатысты, - деп жазады kazgazeta.kz. Көпшілікпен бірге топырақ қопсытып, көшеттерді суарған президент бұл кәсіпті өте жақсы көретінін айтып, ағынан жарылды.  

—Жерді баптап, суару менің дүниедегі ең жақсы көретін жұмысым. Шөліркеп тұрған жерді суару, жердің суды ішкенін сезіну ғанибет іс. Ертеңіне сарғыш тартқан шөптердің көгере бастағанын көргенде ләззат аласың. Менің қазіргі жұмысым зор  қажыр-қайратты қажет етеді. Өкінішке қарай, ол жемісін де бірден бере қоймайды.  Дегенмен жағымды өзгеріс бар деп ойлаймын, әсіресе энергия саласында. Келер жылдың көктемінде бұл қызметтен кеткен соң мен көшет отырғызып, оларды суарумен айналысатын боламын деп үміттенемін. Қазір бұған уақыт жоқ,—деді президент.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның президенті болып 2011 жылдың қазанында сайланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742