"НҰР-ОТАННЫҢ" ТАБЛИҒШЫ МҮШЕСІ СОТТАЛДЫ
Алматы облысында эстремистік деп танылған ұйымның мүшелері сотталды, - деп хабарлайды 31 арна.
Екі азамат Қазақстан аумағында тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымында мүшелікте болып, облыс аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген деп айыпталған болатын. Сотталғандардың бірі бұған дейін «Нұр Отан» партиясының экс-белсендісі, Алматы облысындағы этно-мәдени орталықтың бірінің төрағасы болған Ваха Сурхаев. Бір іспен екінші қайтара айыпталып отырған лауазымды тұлғаға қатысты жүріп жатқан сот тыңдалымдары көпшіліктің назарын аударған еді.
Айыпталушы орындығында Естай Джакаев пен Ваха Сурхаев. Екіншісі осыдан бірер жыл бұрын дәл осындай әрекеті үшін істі болған. Ол кезде «Нұр Отан» партиясының экс-белсендісі, Алматы облысындағы этно-мәдени орталықтың бірінің төрағасы болған Ваха Сурхаев таблиғи жамағат ұйымын қаржыландырып, түрлі үгіт материалдарын таратты деп айыпталған.
Абай-ақпарат