Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 4163 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 11:50

ЕРДОҒАННЫҢ ӘЙЕЛІ ГАРЕМДІ «ӨМІР МЕКТЕБІ» ДЕП АТАДЫ

Жақында Түркияның бірінші ханымы гаремді «өмір мектебі» деп атаған сұхбаты БАҚ-та қызу талқыға түсті.

Түркия президентінің зайыбы Эмине Ердоған «Біздің тарихымызда із қалдырған сұлтандардың анасы» деп аталатын конференцияда Осман империясы кезіндегі сұлтандар гаремдерінің ролін суреттеп берді. Бұл туралы РИА «Новости» жазды.,

Ердоған ханымның пікірінше, гаремдер өмірдің өзіндік мектебі болып, ондағыларға білім берген.

«Біз өнер туындыларымен танысқан кезімізде оларда көбіне-көп билік пен өздерінің игіліктеріне ұмтылған әйелдерді көреміз. Сол замандарда гарем әйелдер үшін мектеп бола білді», – деді ол.

Елдің бірінші ханымы бұған гаремдердің әйелдерді өмірге дайындап, білім алып бергізген және қайырымдылықпен шұғылдандырған ошақ болғанын қосты.

«Олардың бәрін сұлтанның анасы басқарған», – деп атап кетті Ердоған ханым.

Агенттік атап өткендей, Түркия президентінің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасында кең ауқымды қарсылық туғызған. Олар бірінші ханымның сөздерін түрпідей жиырылып қабылдаған. Солардың арасында әйелдердің үлес-салмағы басым. Олар, атап айтқанда, ешқандай кітап қойылмаған гаремдерде қандай білім алу туралы сөз болуы мүмкін екенін түсіне алмай, қайран қалады.

Қазір әлем сарапшылары Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды Осман империясының сыртқы және ішсі саясаттарын жаңғыртуды армандайды деп айыптап отыр.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565