Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Білгенге маржан 6628 0 пікір 7 Наурыз, 2016 сағат 12:28

«КЕЛИНКА СӘБИНӘ» ҚЫЛМЫСТЫҚ ДРАМА ТҮСІРМЕКШІ

 

Қазақстандық фильммейкер Нұртас Адамбаев келесі фильмін туған қаласы Таразға арнайды, деп хабарлайды Kinostan.kz.

Адамбаев өзіне жақын комедия жанрынан бас тартып, келесі жобасын қылмыстық драма бағытында түсіреді. «Тараз» деп аталатын киноның түсірілімі биыл наурызда басталады, ал премьерасы күз немесе қыс айларына жоспарланған.

«Фильмде біз белгілі бір жағдайларға терең үңілеміз. Мысалы, адамдардың қылмыстық жолға неліктен түсетіні туралы. Өйткені әрбір әрекеттің өз себебі болады ғой… Яғни, өмірді қаз-қалпында көрсеткіміз келеді», — деді режиссер Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, 2016 жылы 17 наурызда Нұртас Адамбаевтың «Келинка Сабина 2″ комедиясы прокатқа шығады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1100
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733