Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4142 0 пікір 3 Наурыз, 2016 сағат 09:16

РЕСЕЙ ШИЕЛЕНІСІНЕН ҚЫРҒЫЗ БИЗНЕСІ ЗАРДАП ШЕГІП ЖАТЫР

Ресейдің Түркия және Украинамен қақтығысы Қырғызстанға жүк жеткізуге кері әсерін тигізіп жатыр.

Жүк тасымалдаушылар қиындыққа 2015 жылдың қараша айында да тап болған. Ол кезде Түркиядан келетін тауарлар Ресей шекарасында ұзақ тұрып қалған.

Енді аталған проблема 2016 жылдың басынан бері Ресей билігі Украинадан келетін жүкті өзінің аумағынан өтуді шектегеннен бері қайта туындап отыр.

Қазір екі ел жүк тасымалына рұқсат берді. Бірақ бұл шешім тек уақытша ғана.

Нәтижесінде Халықаралық автотасымал ассоциациясының атқарушы директоры (ХАТА) Темир Ниязбековтің айтуынша, Ресей аумағы арқылы Қырғызстанға келетін украиндық және түркиялық жүктер толығымен тоқтап қалған.

- Ресей қолыңда дәлелді құжаттарың болса да, Украина мен Түркиядан келетін жүк көлікті Қазақстанға, одан әрі Қырғызстанға өткізбейді, -дейді ол. Оның сөзінше, ресейлік билік украин тауарын Беларусия арқылы Орталық Азияға тасымалдауға рұқсат берген. Бірақ бұл бағытта да тосқауылдар өте көп екен.

​Қырғызстан үкіметі бұл мәселелерден толық хабардар. Бірақ қашан шешімі табылатыны белгісіз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 944
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2429
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629