Бейсенбі, 16 Қазан 2025
Жаңалықтар 4647 0 пікір 1 Наурыз, 2016 сағат 11:17

НАЗАРБАЕВ ПУТИНГЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Ресей Федерациясының Коми Республикасындағы «Северная» шахтасында орын алған жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтастығын білдірді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 911
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10137