Жұма, 29 Наурыз 2024
Осы ғой енді... 9455 0 пікір 29 Ақпан, 2016 сағат 11:29

"ОРАЛМАНДАР" ОҚШАУ ҰЛТ ПА, ГҮЛНӘР ХАНЫМ?

«Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген мәтелді мықтап ұстанған «Караван» газеті жақында «оралмандарға» қатысты тағы бір сұхбат жариялады. Қандастарға қатысты қисық-қыңыр пікір білдірген интервьюер басқа-басқа емес ұлты қазақ тарихшы – Гүлнәр Меңдіқұлова.

Осының алдында «қара жорға» биі ұлттық мәдени мұралар тізіміне кіріп, ұлттық құндылық ретінде қарастырылардың аз-ақ алдында тұрғанда, дәл осы Меңдіқұлова ханым «қара жорға қазақтың биі емес» дегенеге бар күшін салып жатып, ұлттық өнерді, ұлттық биді жоққа шығырған еді. Малбағарқызының малдап айтқан мәлімдемесі қоғамдық ортада қызу пікір-талас тудырып, қазақтың биі мен оны жеткізушілер (Атажұртына оралған ағайындар – Ред.) туралы теріс көзқарастар да содан кейін ішінара қалыптасқан-ды.

Осы бір шудан кейін Гүлнар Меңдіқұлова ханым «оралмандар» тақырыбын ынта-шынтасымен зерттеуге кіріскен екен.

Қисық пікірге қиылып отырған «Караван» тілшісі де дәл осы мәселені қайталап көтерген. Сұхбат барысын Гүлнәр ханым мынадай сөздерден бастайды:

– Дело в том, что танец кара жорга с той монотонной музыкой, однообразными телодвижениями, в каком его пытались насадить повсеместно, был завезен к нам китайскими казахами и начал агрессивно продвигаться как истинно казахский. У предков казахов были боевые ритуальные танцы для самовыражения ратного духа воинов, развития координации и чувства ритма, что было необходимо для боевого искусства. Но никакого отношения к данному танцу они не имели, - дейді. Яғни: монотонды музыкаға түзілген, бір ғана образды дене қимылы бар «қара жорға» биін бізге Қытай қазақтары жеткізді және сол күйінде сіңдіріп жібермек болды. Біздің батыр бабаларымызда рухты көтеретін, жауынгерлікке баулитын дене қимылдары болды. Бірақ оның мына биге еш қатысы жоқ.

Осыдан кейін «Караван» тілшісі «қара жорғаның»  пайда болу қайнарларына үңілгісі келіп, Меңдіқұлова ханымға төпелетіп тұрып сұрақ жаудырған. Әңгіменің ауанынан байқағанымыз: Малбағарқызы қазақ биін ғана емес, «оралмандарды» да сөзбен сөгіп, "қара жорғаға" теріс мінгізіп жіберіпті.   

– Менің докторлық диссертациямның тақырыбы – қазақ диаспорасының тарихы. Өзімнің зерттеу жұмысымда мен оралмандар қандай жолмен Қазақстанға келіп жатыр және не мақсатта келуде деген сұрақтарға жауап іздедім. Мәселе, кімдер келуде? Не үшін? Бұл да зерттеуді, анықтауды қажет етеді, - деген Гүлнәр Меңдіқұлова ханым, олардың Қазақстанға келулерінің түрлі себептерін сөз еткен.

«Они планируют на будущее – дать детям образование в нашей стране и осесть здесь или решили просто приехать на землю казахов, поклониться ей. У каждого свои причины, но и условия, в которые они попадают, нам надо знать и изучать, чтобы помочь адаптироваться» дейді тарихшы ханым. Тарихшының айтқандарын сөзбе-сөз аударсақ, былай болады: "Олардың елге келуінің мақсаттары әр түрлі. Осы жерде өз балаларына білім беруді, осы жерге тұрақтап қалуды, әрине қазақтың жеріне көшіп келуді, осы топыраққа тағзым жасауды көздейді.  Біз олардың осы жерге сіңіп кетуіне көмектесу үшін, барлығын білеуіміз керек".

Одан әрі «Караван» тілшісі қитұрқылыққа басып, жергілікті тұрғындар мен оралмандар арасындағы түсініспеушілктер туралы сұрайды. Тарихшы Гүлнәр ханым да бүлк етпестен, былай деп жауап қатады. Бұра тартты демеңіздер, Меңдіқұлованың айтқанын сөзбе-сөз бергенді жөн көрдік.

– Надо работать с обеими сторонами. Во-первых, оралманы должны вести себя порядочно, не бить себя в грудь и не подставлять людей, которые здесь жили. А то, действительно, приезжают сюда и начинают с пеной у рта кричать: “Я вернулся на историческую родину!”. Да, вернулись. Хорошо. Тебе все предоставили – живи и работай. Радуйся. Зачем же подсиживать людей?, - дейді тарихшымыз.

Әрмен қарай, «Караван» тілшісі былай дейді: «Не надо лезть в Тулу со своим самоваром. Не надо претензий предъявлять, мол, только мы язык сохранили и традиции, а у вас девушки слишком свободны». Яғни: өз орныңды білу керек, «біз тілді және мәдениетті сақтап қалдық. Ал жерлік қыздар тым ашық-шашық» деуге оралмандардың хақысы жоқ деп отыр.

Ал оралмандарды оқшаулауға итермелейтін осы бір сұхбатқа Меңдіқұлова ханым былай деп жауап қатқан.

«Иә, заманауи қазақ қыздары тәуелсіз, білімді, оқыған-тоқыған. Әрине кемшіліктеріміз де жоқ емес. Ондай кемшіліктер кімде болмайды дейсіз?! Бірақ дәл біздің аталарымыз осы жерде қалып, территориямызды, тілімізді, дәстүрімізді сақтап қалған. Біздің аталарымыз Тәуелсіз Қазақстан Республикасын құрған. Осыны оралмандар да, басқалары да біліп жүрсін!»

Редекциядан: Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарихшы Гүлнәр Меңдіқұлованың әкесі – қазақтан шыққан тұңғыш архитекторлардың бірі – Малбағар Меңдіқұлов еді. Өзі академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен біраз жылдар ұстаздық қызмет атқарған. Меңдіқұлованың аты-жөні оқырман қауымға сол бір «қара жорға» дауынан кейін кең таныла бастаған.

Доктор, пофессор, тарихшы деген бірсыпыра атақ лауазымы бар қазақ тарихшысы Гүлнәр Меңдіқұлованың  "Караван" газетіне берген сұхбатының ұзын-ырғасы - осы. "Караван" демекші, осы газет кейінгі кездері ұлтараздығын қоздыратын, ұлттар арасына от тастайтын осындай сөздердің қоламтасын үрлей бастады. Естеріңізге сала кетейік, аталған газет өткенде А. Собянин деген біреудің қазақ - Отанын тастап  көше беретін, руын сақтап қалуды ғана білетін  халық(http://abai.kz/post/view?id=6874) деген сөзін жария еткен болатын.

Ескерту: Оралман - Атажұртына түбегейлі қоныс аударып келген этникалық қазақтарға берілетін уақытша мәртебе. ҚР азаматтығын алған соң олар "оралман"болып табылмайды.  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607