Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Қоғам 7748 0 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 13:06

ТОҚАЕВТЫҢ СӨЗІНЕ СЛУЦКИЙ СҮЙСІНДІ

Кеше Австрияның Вена қаласында Еуранзиялық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Ассамблеясының қысқы сессиясы басталды. 50 мемлекеттен жиналған Ассамблея мүшелерінің жиынында қазақстандық дегегаттарды ҚР Параламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мырза бастап барды.

ЕҚЫҰ сессиясының ашылуында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев, ТМД-ның кей мемлекеттері мен өзге елдердегі парламентария жұмыстарына қатысты Еуропа елдерінің қолданып отырған экономикалық санкцияларына наразылық білдіріп, ЕҚЫҰ-ға  мүше кей мемлекеттердің саяси тактикасын ашық сынға алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, ЕҚЫҰ мінберінде тұрып жасаған  ағылшын тіліндегі баяндамасында Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жұмысын сынап, жиналған көпшілікке аталған ұйымның негізгі мақсаты не екенін түсіндірді.

«Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – санкция салып, елдер мен елдер арасын ірітуші, жікке бөлуші емес,  керісінше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты, достықты насихаттауға тиісті, сол бағытта жұмыс жүргізуге міндетті ұйым болуы керек »,-деді   Қасым-Жомарт Тоқаев.

Австрияның Вена қаласында екі күнге созылатын Еуразиялық қауіпсіздік ұйымының қысқы сессиясына 50 мемлекеттен делегаттар қатысуда. Биылғы сессияда талқыланатын негізгі тақырыптар да айқын. Соның ішіндегі ең маңызды мәселелердің бір парасы - Еуропадағы миграциялық дағдарыс, террорзиммен күрес, Сирия мен Украинадағы жанжалдар т.б.

Осы және өзге де тақырыптар бойынша Қазақстан атынан сөз сөйлеген Сенат спикері Еуропа елдері парламенті қабылдаған көп шешімнің таяз талғаммен жасалғандығын айтты.

«Біз әлемдік деңгейдегі осындай жиынға саяси блок қойып, қандай да бір мемлекет парламенті делегаттарын форумға әдейілеп қатыстырмау әрекетін дұрыс емес деп есептейміз. XXI ғасырда саяси мінберлерде санкцияға орын болмауы тиіс. Өйткені біздің бүгінгі жиынымыз – әлемдік экономиканың ең өзекті мәселелерін талқылауға бағытталып отыр. Санкция – БҰҰ-ның ырқындағы мәселе. Бұл басымдылық тек ең соңғы сәтте ғана, тығырықтан шығудың өзге амалдары қалмаған кезде ғана қолданылуы қажет»,-деді Сенат спикері Венадағы жиын мінберінде.

Сондай-ақ, Вена мінберінен микрофон бұйырған Ресей Мемлекеттік Думасының ТМД бойынша комитеті төрағасы Леонид Слуцкий ресейлік «Россия-24» арнасына сұхбат беріп, қазақ саясаткері Тоқаевтың сөзіне сүйсінгенін білдірді.

«Тоқаев мырза дер кезінде дәл әрі батыл мәлімдеме жасады. Тоқаев мырза –жаһандық деңгейдегі білікті саясаткерлердің бірі»,- деді ресейлік саясаткер.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Мемлекеттік Думасының ТМД бойынша комитеті төрағасы Леонид Слуцкий: «ЕАЭО-ға мүше елдерге ортақ валюта жасалып жатыр. Ол валюта «Алтын» деп аталады», - деген болатын.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5958