Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3406 0 пікір 30 Маусым, 2010 сағат 05:59

Өзбекстан Қырғызстандағы гуманитарлық дағдарысқа жедел үн қатты – АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі

Ташкент. 30 маусым. ҚазТАГ - Өзбекстан үкіметі Қырғызстандағы гуманитарлық дағдарысқа жедел және құрылымдық түрде үн қатып, зардап шеккендерді мұндай жағдайда қажет нәрсемен қамтамасыз етті, деп мәлім етті журналистерге АҚШ мемлекеттік хатшысының халықтың қоныстануы, босқындар және көші-қон мәселелері жөніндегі көмекшісі Эрик  Шварц

«Сонымен қатар, үкімет мүшелері БҰҰ агенттіктерімен, Қызыл крест халықаралық комитетімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеді. Бұл тырысулар аса қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек болды», - деді Э.Шварц

Мемлекеттік хатшының көмекшісі қазіргі жағдайда «осы уақытқа дейін Өзбекстан аумағында қалып отырған босқындар қалу мүмкіндігіне ие болып, шекараның ашық болғаны аса маңызды» екенін жеткізді.

«Өзбекстан үкіметі мен халықаралық ұйымдардың арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жалғасып, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік лауазымды тұлғалардың арасындағы диалогтың дамуына ықпал ете алатын және жедел жауап әрекеттерді, гуманитарлық көмек көрсетуді ынталандыратын тетіктердің сақталғаны маңызды», - деді Э. Шварц.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі АҚШ осы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін көмек ретінде $30 млн-нан аса қаржы бөлетінін хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, 11-15 маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық негізде қақтығыстар орын алған болатын. Осының салдарынан 100 мыңға жуық босқын республикадан кетіп, Өзбекстан аумағындағы лагерьлерде уақытша орналасуға мәжбүр болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297