Жұма, 22 Қараша 2024
Масқара! 18229 0 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 09:43

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҚЫЗЫҢЫЗ ТӨСЕКТЕ ТОЯТТАП ЖҮР МЕ?

 

Қазақстандықтардың 64 пайызы жыныстық қатынасқа алғаш рет мектеп жасында түседі-міс. Мұндай нәтижені Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА) жүргізген зерттеу нәтижесінде анықтаған. 

Кеше еліміздегі бірқатар ақпарат құралдары осы бір "деректі" сүйінші сұрағандай етіп желеулетіп, таратып жатты. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жарасады? Мұндай "жаға ұстатарлық" жаңалық неге тарап жатыр? Мұнымен шетелдік зерттеу орталығы не айтпақ? Оны ойлаған бір адам жоқ. Сырткөз айтты, бітті... Осылайша "қазақ қызының абыройы төгіліп жатқанын" оп-оңай растай салдық.

64,6 пайыз деген не көрсеткіш?. Яғни, Қазақстанда пәк, таза, абыройлы қыз жоқ дегеннің кері ғой. Алдымен, аталған ұйым таратқан мәліметтің бір үзігін оқып алыңызшы.

Жастардың 13,6 пайызы алғашқы сексуалдық тәжірибеден 15 жасқа дейін, 50 пайызы 18 жасқа дейін өтеді. Жасөспірімдердің негізгі бөлігі тәуекелге бара отырып, жыныстық қатынасқа сақтанбай түседі. Мектеп жасындағылардың 40 пайызының екі немесе одан да көп жыныстық серіктесі бар", - дейді.

Осыны оқып отырған әрқайсымыз қыз өсіріп отырмыз. Сонда мына санақтың ішінде Сіздің қызыңыз жоқ па? Бар екен делік, демек сол қызыңыздың екі немесе одан да көп жыныстық серіктесі болғаны ғой. Мұны мойындайсыз ба? Мойындамасаңыз неліктен үнсіз отырсыз...

2010 жылы 15-19 жас аралығындағы 1000 қыздың ішінде жүкті болғандардың саны 28,3 болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 34,7-ге жеткен.

Егер де дәл осындай дерек нақты болса, біздің Білім мен Денсаулық сақтау министрлері не қарап отырған. Ата-аналар ше?  

ЮНФПА осы мәселені шешу бойынша бірнеше кеңес берді. Сол кеңесті оқып отырып, мен мәселенің тым тереңдеп кетпегенін байқадым. Мысалы "зерттеушілер": "әйелдерге сексуалдық және репродуктивті денсаулықты қорғауға мүмкіндік беріп, жасөспірім қыздардың осы жөнінде білімді болуына жағдай жасау керек" дейді.

Олар осы мәселені шешу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған жобаны мысалға келтіреді. Облыста валеология негізінде сексуалдық және репродуктивті денсаулық сақтау курсы ашылған. Ол жобаның нәтиже беріп жатқан да көрінеді. ЮНФПА мәліметінше, бұл жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға көмектесетін негізгі әдіс екен-міс.

Міне, әңгіме қайда жатыр? ЮНФПА өтірік ақпаратты (осылай демеске лаж жоқ) тарату арқылы мектепке тұмсық тығуды көздеп отырғанға ұқсайды. Әйтпесе, бар әңгіменің аяғын: "Еліміздің барлық колледждерінде валеология курстарына репродуктивті денсаулықты сақтаудың күшейтілген құрамын енгізуді ұсынамыз", - деп аяқтамаса керек-ті...

Қош! Сонда дейміз-ау, қазақ қыздарына жыныстық қатынасты үйрететін жобаны өткізу үшін бүкіл қазақ қызының абыройын төгіп, арын таразыға салып жіберу құқығын оларға кім беріп отыр? Түсініксіз! Десек те, бұл сыртқы күштердің мықтап қолға алған шаруасы секілді. БҰҰ-ның атын бетперде етіп сөйлеуінен-ақ осыны аңғаруға болады. Шығыс Қазақстанда ашылған бір ғана курс нәтиже бергенін немен дәлелдейді екен, олар?.. 

Ең қиыны сол, "мектеп жасындағы қызың төсекте тояттап жүр" дегенге намыстанбайтын ел болып бара жатқан сияқтымыз. Әйтпесе, арың мен жаның сынға түсіп жатқанда үнсіз қалмасақ керек-ті... 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244