Сәрсенбі, 7 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4270 0 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 08:58

ЯНУКОВИЧТІҢ АҢШЫЛЫҚ ҮЙІ ТОНАЛДЫ

Тонаушылар Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің аңшылық үйінен үш орындық, диван, төрт үстелден өзге дүниенің бәрін алып кеткен.

Украиндық тележүргізуші Денис Тарахотелик: "Үй талқандалған. Олар үйден қымбат эклеткроникадан бастап унитазға дейін қолдарына түскеннің бәрін тонаған.",- деп хабарлады

Бас ғимараттан бөлек, оның жанындағы екі үй тоналған, тіпті сауна кешендеріндегі қайың сабалауышқа дейін қолды болған. Тонаудан аман қалған жалғыз ғимарат – шағын шіркеу.

Бұрынғы президенттің қайғылы оқиғалармен танымал Межигорьедегі резиденциясынан 40 шақырым жерде орнадасқан аңшылық үйі 2015 жылдан бері қараусыз тұрды. Оны күзеткен "Киев-2" батальоны Шығыс украинаға жөнелтілген болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1845
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2176