1-ші тамыздан бастап Қазақстанда KEGOC желілерімен электр тасымалдаудың бірыңғай тарифі енгізіледі
Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) 1-ші тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық электрлік «KEGOC» АҚ желілерімен барлық санаттағы тұтынушылар үшін электр тасымалдаудың бірыңғай тарифін 0,94 тенге/кВтч мөлшерінде енгізді.
Сәрсенбі күні таратылған хабар бойынша, «электр қуатын тасымалдаудың бірыңғай тарифі бұрындары қолданыста болған 8 аймақтық тарифтердің орнына енгізілді. Ол тариф мөлшері тасымалданған 1 киловат электр қуаты үшін Т0,762-ден Т1,216-ға дейін аралықта құбылатын».
Хабарда бірыңғай тарифтердің енгізілуі тарифтер мен бағаның қалыптасу тетіктерінің ашықтығының арта түсуіне, «сондай-ақ 2010-2014-ші жылдарға арналған үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасына сай өңірлерлік дамудың артуына» септігін тигізетіні атап көрсетіледі.
«Бірыңғай тарифке өту Қазақстан Республикасының Халықаралық қайта құру және даму банкінің (ХҚДБ) алдында алған, электр тасымалдау тарифтерінің ара қашықтыққа тәуелдігін алып тастау мен ұлттық электр желілеріне дискриминациясыз қосылуды қамтамасыз ету, оның ішінде Кедендік одақ аясында экспорт-импорттық және транзиттік операциялар жасайтын нысандарға да дискриминациясыз қосылуды қамтамасыз ету туралы міндеттерін орындаудың соңғы кезеңі болып табылады», - делінген хабарда.

Тұтынушылар үшін бірыңғай тарифтерді енгізумен компания электр қуатының бағасы Алматы, Қостанай облыстары мен Алматыда 1-2,5% -ға арзандайды деп күтеді, делінген хабарда.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрылымына кіретін KEGOC Қазақстанның бірыңғай электр желілерінің жүйелік операторы болып табылады.